Найти в Дзене
Қызықты психология

Ашуды сыртқа шығаруға арналған: "Мен көріп тұрмын...", "Өтініп сұра", "Ашу парағы" жаттығулары

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.Тыныштық сәті: Денемізді бос ұстап, аяғымызды айқастырмай, қолымызды тізеге қойып, көзімізді жұмамыз. Көз алдарыңызға жайма шуақ күнді елестетіңіз. Күннің нұры төбеңізде жарқырап тұр. Күн нұры басыңызға келіп денеңізге енді. Денеңіздің әрбір мүшесіне тарап, өз шуағын шашуда. Күн нұры беліңізге келіп, аяғыңызға барды. Күн нұры аяғыңызды тек жақсы жерлермен жүргізуде. Күн нұры аяғыңыздан шығып, қолдарыңызға келді. Қолдарыңыз нұрланды, қолдарыңыз тек игі істермен айналысуда. Күн нұры қолдарыңыздан шығып, тіліңізге барды. Тіліңіз нұрланды, тіліңіз тек жағымды сөздерді айтуда. Күн нұры тіліңізден шығып, көзіңізге келді. Көзіңіз нұрланды, көзіңіз тек жақсы нәрселерді көруде. Күн нұры көзіңізден шығып, құлағыңызға өз сәулесін шашуда. Құлағыңыз нұрланды, құлағыңыз тек жағымды сөздерді естуде. Күн нұры сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәулесін шашты. Осы нұрды отбасыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, сыныптастарыңызға бағыттаңыз. Олардың да жүрегі н

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.Тыныштық сәті:

Денемізді бос ұстап, аяғымызды айқастырмай, қолымызды тізеге қойып, көзімізді жұмамыз.

Көз алдарыңызға жайма шуақ күнді елестетіңіз. Күннің нұры төбеңізде жарқырап тұр. Күн нұры басыңызға келіп денеңізге енді. Денеңіздің әрбір мүшесіне тарап, өз шуағын шашуда. Күн нұры беліңізге келіп, аяғыңызға барды. Күн нұры аяғыңызды тек жақсы жерлермен жүргізуде. Күн нұры аяғыңыздан шығып, қолдарыңызға келді. Қолдарыңыз нұрланды, қолдарыңыз тек игі істермен айналысуда. Күн нұры қолдарыңыздан шығып, тіліңізге барды. Тіліңіз нұрланды, тіліңіз тек жағымды сөздерді айтуда. Күн нұры тіліңізден шығып, көзіңізге келді. Көзіңіз нұрланды, көзіңіз тек жақсы нәрселерді көруде. Күн нұры көзіңізден шығып, құлағыңызға өз сәулесін шашуда. Құлағыңыз нұрланды, құлағыңыз тек жағымды сөздерді естуде. Күн нұры сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәулесін шашты. Осы нұрды отбасыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, сыныптастарыңызға бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрланды. Нұр сәулесін уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрланды. Күн нұры олардан шығып, өзіңізге қайтып келіп, сізге нұрын сыйлап, жан дүниеңізді жылытты. Сіз нұрлы адамсыз... Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде, менің жүрегімде... Мен Нұрмын, Сабырлымын, Ұстамдымын...

Көзімізді ашып, сабағымызды бастайық.

2.Әңгімелесу:

1. Сендердің ашуланған кездерің болды ма? Не себепті ашуландыңдар?

2. Сол уақытта қандай күйде болдыңдар?

3. Сол күйден шығудың қандай жолдарын іздестірдіңдер?

4. «Ашу – дұшпан, ақыл – дос» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

Түйін:

- Адамдардың ойланбай істеген істерінің арты кикілжіңге апарып соқтырады. Кикілжің болған жерде міндетті түрде ашу туындайды. Ашу адамның өзіне де, өзгелерге да, айналасына да зиян. Өйткені адамның көңілі түседі, ешнәрсеге зауқы болмайды, жағымсыз сөздер айтады, айналасындағыларды ренжітеді. Ашу үстінде дұрыс шешім табу да қиынға соғады. Сондықтан да қандай жағдай болмасын ақылға жеңдіріп сабыр сақтап, ұстамды бола білу керек. Біз бүгінгі сабақта ашуланбау, сабыр сақтаудың адами қарым-қатынастағы мәні туралы әңгімелесеміз.

3. Мұғалім сыйы.

«Жан жарасы жазылмайды» аңыз әңгімесі.

Ертеде қарияның ашушаң, ұстамсыз баласы болыпты. Бір күні қария баласына бір қапшық шеге беріп:
- Өзіңді ашу қысқан сайын ағаш бағанға шеге қағып, ашуың басылған кезде, суырып аларсың, - дейді.
Бала бірінші күні - ақ бағанға он шақты шеге қағылғанын байқап, өзін - өзі ұстауға, ашуға бой бермеуге тырысты. Қағылған шегенің саны күнбе-күн азая бастады. Бала бағанға шеге қағылғаннан гөрі ашуын басқан жеңіл екенін түсінді.

Ақырында бағанға бір шеге қақпаған күнге де жетті. Сонда әкесі баласын бағанға жетелеп келіп:
- Жарайсың, балам! Бірақ бағанның шұрық-шұрық болғанын көріп тұрған шығарсың? Ол ешқашанда бастапқы қалпына келе алмайды. Адамға ғайбат сөз айтсаң, оның көңіліне жара саласың, оның жан дүниесі осы баған сияқты шұрық-шұрық болады. Одан кейін қанша кешірім сұрасаң да, жан - жарасы жазылмайды. Ашуыңды ақылға жеңгізе біл, балам,- дейді.

Мәтін соңынан берілген сұрақтар бойынша әңгімелесу.

· Әкесі баласын ұстамдылыққа қалай үйретті?

· «Ашуды ақылға жеңгізе біл» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

4. Шығармашылық жұмыс.

Мақсаты: Балалардың пікірлерін шығармашылық жұмыс үстінде бекіту.

Оқулықтағы Н. Носовтың «Сырғанақта» әңгімесі оқылады.

Мұғалім:

· Әрі қарай не болды деп ойлайсыңдар? Әңгімені жалғастырып көріңдер.

Балалар әңгімені өз ойларымен жалғастырып айтады.

Түйіндеме

Түйіндемеде Данышпан атаның кеңесі ұсынылады.

Данышпан атаның кеңестері:

· Ашу қысқан кезде өзіңді-өзің ұстай біл.

· Ашуланған кезде бірден онға дейін іштей сана.

· Жақсы нәрсе туралы ойла.

· Өзіңді ұстамды, сабырлы адаммын деп есепте.

· Басқа адамды ренжітетініңді ойла.

· Соңынан окінетініңді есіңе ал.

· Ашуды ақылға жеңдір.

5. Ойын – жаттығу:«Ашулы шарлар» атты ойыны

Мақсаты: Оқушыларды ашудан қашық болуға дағдыландыру.

Шарты:

8-10 баланы ортаға шақырып, шарларды үрлеп, оларды байлауы сұралады.

· Шарлар адамның денесін бейнелейді, ал оның ішіндегі ауа – сезімің.

Қатысушылар аяқтарымен шарды жару керек.

- Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар?

- Ашудың осылай шыққаны дұрыс жол ма?

- Ондай ашудан кейін қандай сезімде боласыздар?

Бұлай қатты жарылған шар ол агрессияны білдіреді, ол – қатерлі жол.

Енді қатысушыларға жаңа шар беріп үрлеуі ұсынылады.

ны байламай ұстап тұрыңыздар.

· Бұл шарлар ашу толы сезімді білдіреді

Ал енді шарды жайлап аузынан жарты ауасын жіберіңіздер.

- Шар кішірейді, бірақ жарылмады.

- Бұл нені білдіреді?

Егер біз ашуды бақылап шығарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді.

Енді қатысушыларға шардағы ауаны толығыменен шығаруы ұсынылады.

- Бұл нені білдіреді?

· Ашудың қауіпсіз жолын табу – әр адамның өз қолында.

6. Дәйексөз.

Сабақта айтылған ойларды дәйексөз мәнін түсіндіруімен қорыту.

- Ашуды жеңудің ең тиімді жолдары – ақылға салу, сабыр сақтау, ұстамды болу. Ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл, қайырымды, мейірімді адам ашулана қоймайды. Ашуын ақылына жеңдіреді. Сондықтанда белгілі жазушы Мұхтар Әуезов: «Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі», - деп өте орынды айтқан.

. Жаңа ақпарат.

«Іс-әрекеттің байыбына бара алатын, жақсы мен жаманды айырып, дұрыс бағасын бере алатын адамды ақылды адам дейді» деген жаңа ақпарат арқылы сабақтың негізгі ойы түйінделеді.

8. Тапсырма.

Оқушылардың білімдерін бекіту. Тапсырма бойынша балалар

- «Досың ашуланған кезде оған қандай ақыл айтар едіңдер?»

- «Өзің ашуланған немесе бір нәрсеге ренжіген кезде ата-анаңмен ой бөлісе аласың ба?»деген сұрақтарға жауап береді.

. Үйге тапсырма. Дәптермен жұмыс.

Оқушылардың сабақтан түйген ойларын бекіте түсу үшін тапсырма беру.

Дәптерде берілген даналық сөздерді оқып, олар бойынша түсініктерін бос жолдарға жазу.

«Сабыр түбі – сары алтын».

«Қайтып кірер есікті қатты жаппа».

10. Соңғы тыныштық сәті:

Балалар, ыңғайланып отырамыз. Көзімізді жұмамыз. Көз алдарыңа «Аспан патшалығы» ақ мамықтай ақша бұлтты жіберіпті деп елестетіңдер. Сол ақша бұлттың үстінде біз отырғандаймыз. Ақша бұлт мамықтай жұмсақ екен. Аспан әлеміне қарай көтеріліп барамыз. Айдын шалқар көлден өтіп, орманды алқапқа кездестік. Жүгірген аңдар, сайраған құстар көрінеді. Гүл жайқалған сұлу далаларға да жақындап қалдық, әсем гүлдер көріне бастады. Гүлдер неткен керемет! Алуан түрлі, көздің жауын алады. Біз осының бәрін бірге көргенімізге, осындай шақта бірге болғанымызға іштей қуаныштымыз. Ақ мамықтай ақша бұлт бізді жұпар иісті, әсем де көркем «Гүлдер» сұлулық сарайына түсірді. «Гүлдер» сұлулық сарайында тек қана ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл, қайырымды, мейірімді адамдар тұрады екен. Осы жерде тұратын адамдардың барлығы бір-біріне сабырлық, ұстамдылық танытады. Біздің де бойымызға сабырлылық пен ұстамдылық сезімдері бойлап бара жатқандай. Сендер ақылды, сабырлы, ұстамды балаларсыңдар, іштей қайтала: «мен әрдайым сабырлымын, ұстамдымын...». Осы сезімдермен біз де өз қалпымызға келейік.