Қазақстандық ғалымдар өздерінің сенсациялық жаңалығы туралы жарты жыл бұрын жариялаған болатын. Радиациялық сәулеленуге тосқауыл қоятын дәріні С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Тимур Салиев бастаған бір топ ғалымдары ашты. Олар хирургиялық операция кезінде қан тоқтату үшін дәстүрлі түрде қолданылатын «аминокапрон қышқылының» адам ағзасын сәулеленуден тиімді қорғай алатын қыры бар екенін анықтаған. Препараттың бұдан өзге тағы қандай қасиеті бар? Оны білу үшін Vox
Populi тілшісі Тимур Салиевпен сұхбаттасқан еді.
Тимур Салиев әріптестерімен бірге аминокапрон қышқылының пайдалы қасиеттерін жеті жылдан бері зерттеп келеді. Сондай зерттемелердің бірінде отандық ғалымдар химиялық қосындының радиацияға ұшырамайтынын байқаған. Бұл жаңалықтан кейін олар бірден адам жасушаларына эксперименттер жүргізіпті.
— Экспериментте сау адамдардың қан тамырларында айналатын қанның мононуклеарлық жасушалары қолданылған. Бұл жасушалар аномалды жасушаларды, бактериялар мен вирустарды анықтау және жою үшін иммундық жүйенің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қан үлгілері иондалған сәулелердің әсеріне ұшырайды. Нәтижесінде оттегінің белсенді түрлерінің түзілуі мен жасушалардың жойылуының алдын алынды. Және ДНҚ жасушаларына аз зақым келгенін байқадық. Демек, аминокапрон қышқылы ДНҚ-ның сәулеленуден болатын зақымданудан қорғауға қабілетті. Сонымен қатар бұл препарат радиациядан болатын «апоптозды» (бағдарланған жасушаның жойылуын) баса алады.
Толығырақ осы жерден оқыңыздар