Найти в Дзене
Vox Populi

СУДА ДА ҚАТЕР БАР: СУҒА БАТПАС ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

Жаз маусымының екінші айы аяқталып қалды. Күннің аптап ыстығынан қала тұрғындары табиғат аясына шығып, су жағалауға мәжбүр. Алматы маңындағы жалғыз су қойма Қапшағайдың жағасы әсіресе дем алыс күндері көлеңкені тасалап, салқын суға шомылушыларға лық толы. Бір сөзбен айтқанда елімізде шомылу маусымы қызып тұрған шақ. Бірақ, қызықты дем алыс күндеріне көңілге қаяу түсіретін ақпараттар да жетіп артылады. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Шомылу маусымы және өрт қаупі туралы» тақырыптағы онлайн-брифингте, ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов биылғы шомылу маусымында суға кетіп көз жұмғандар санының 5 пайызға, балалар өлімінің 35 пайызға артқанын айтты. Бұл ретте Vox Populi тілшісі суға шомылуда қажетті қауіпсіздік ережелерін еске салғанды жөн көрді.

Былтыр еліміз бойынша суға шомылу кезеңінде 198 адам суға кеткен. Оның 58 — балалар. Ал биыл республика су айдындарында 312 адам, оның ішінде 109 бала суға батып, қайтыс болды.

Мұның басты себептері — өз күштерін дұрыс бағаламау, су қоймаларына құлау, мас күйінде шомылу, жүзе алмау, балық аулау кезінде, жүзу құралдарына отыру», — дейді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов.

-2

Суға батып кетудің негізгі себебі — су айдынында қауіпсіздік ережелерін бұзу. Суға шомылушылардың өздеріне деген шамадан тыс сенімділігі де басты себеп болған. Сондықтан өз мүмкіндіктерін асыра бағалап, су айдындарында шомылуға байланысты тәуекелдерді жете бағаламай, оның арты қайғылы салдарға душар еткен. Дәл осы себептермен 139 адам суға батты.

Мақаланың толық нұсқасын
мына жерден оқыңыз