Постшындық дәуірінде медиа сауаттылық дағдылары әрбір тұлға үшін қоғамның толыққанды қатысушысы ретінде әрекет етуде міндетті атрибут болып табылады, сонымен қатар осы дағдылармен тығыз байланысты сөз бостандығы еркіндігінің ойға сыйымды шектерін білу де – бүгінгі таңда орасан зор маңызға ие. Осы мұқтаждарды қанағаттандыру үшін пайдалы сілтемелермен қамтылған көмекші-постты ұсынғымыз келіп тұр.
Осы жолсітемемен танысу үшін мына құжатты жүктеп алыңыз: Жолсілтеме немесе телеграм-ботымызға өтіңіз: MediaSauat
Сөз бостандығы мен медиа сауаттылықтың тікелей байланысын мына суреттен көре аласыз:
Ақпаратты қабылдаудағы медиа сауатсыздық – біздің ауқымды мәселенің бір қыры ғана, себебі, екінші жағынан, ақпаратты құрып-таратудағы сауатсыздық та бар, басқаша айтқанда адамдардың өздеріне тиесілі сөз бостандығын дұрыс пайдалана білмеуі. Бұндай сауатсыздық адамның қоғамның белсенді субъектісі болуына тікелей кедергісін келтіреді. Масс-медиа контентін сауатты тұтынатын тұлғалар әлеуметтік желілерден бастап электрондық үкіметке дейінгі қоғамдық өмірге белсенді қатыса алады.
Қоғамның сауаттылығы сіздің де қолыңызда!
Осы ақпаратпен таныстарыңызбен бөлісіңіз!