Ердоған мен Путинді достар деп айтуға келмес, бірақ кейбір позицияларда олар бір-бірінің айтқандарын түсініп, бірлесе қимылдайтындай әсер қалдырады. Ал Сирия мен Қырымда олардың ұлттық мүдделері тіпті кереғар деуге болатындай. Осы екі авторитарлық режим Батысқа қайткенде де жақпай-ақ қойды. Ресейдің жағдайы түсінікті – олар "СССР" кезіндегі АҚШ-пен паритетті аңсайды, екінші мықты ядролық держава атағынан айырылғысы келмейді, содан бері 30 жыл өткенін, сыртқы жағдайдың күрт өзгеріп кеткенін ескергісі келмейді. Ал ондай амбициясы жоқ, ядролық қаруы жоқ, ешкімге зорлап өз саясатын таңып отырмаған, өзінің ұлттық мүддесі тұрғысынан дұрыс қадамдар жасап отырған Ердоғанның Батысқа не үшін жақпай қалғаны түсініксіз. Әсіресе Байденнің оған осы кезге дейін телефон соқпауы түркі әлемінің ірі көшбасшысын жорта көзге ілмеу деп бағалауға болады. Жалғыз ғана себеп – Түркияның АҚШ пен НАТО-ның қатты қарсылығына қарамастан Ресейден С-400 "Тайфун" зенитті-зымыран кешенін сатып алуы. Кейбір сарапшылар "а