Сіз жүктіліктің гүлденуі қарсаңындасыз. Енді сіз өзіңізді жігерлі сезіне бастайсыз. Көптеген аналар дәл осы кезеңде ғана өздерін жүкті сезіне бастағандығын айтады. Сіз күндіз де, түнде де аштықты сезіне аласыз. Сіз белгілі бір өнімдерді ғана жегіңіз келуі мүмкін. Ағзаңыз сізге қандай заттар жетіспейтіндігін осылайша білдіреді. Бірақ «екеуіңіз үшін жеуге» болмайды, өзіңізге қанша керек болса, сонша жеңіз. Жүктіліктің 14 аптасындағы әйелдің сезімдері Сіз салмақ қоса бастайсыз. Ең бастысы, дәрігермен байланыста болуды ұмытпаңыз. Гинеколог бойыңызды, салмағыңызды өлшейді және нені көбірек ішіп-жеу керек, ал нені мүлдем алып тастауға болатын тағам-сусындарды анықтап береді. Зәр шығаруға деген ұмтылыс жиілеп барады, шыдап қысылуға жол бермеңіз, дәретханаға бірден барыңыз. Жүрісіңіз өзгере бастайды, сондықтан өкшелі аяқ киіммен қоштасатын кез келді. Әйтсе де, жүктілік сұлулық пен жеке күтімнен бас тартуға себеп болмайды. Жеңіл макияж және әдемі киімдер сіздің көңіл-күйіңізді әрдайым көтеруге