Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене

Менде сағындым

Көктемді сағындың ба көктемді,
Тәп—тәтті қылып тұрған өткенді.
Хатта жоқ хабарда жоқ бүгіннен,
Мен ғана түсінемін өкпеңді.

Көктемді сағындың ба көктемді,

Тәп—тәтті қылып тұрған өткенді.

Хатта жоқ хабарда жоқ бүгіннен,

Мен ғана түсінемін өкпеңді.

Кеудеме түнесе де барқыт мұң,

Жүргенім өтіріктеу шалқып тым.

Күлгенім жылағандай жаныма,

Мен саған енді артықпын.

Келмейді не қош деуге әлі жайт,

Тұрғандай тағып бізге әлем айып.

Әйтеуір бір сағынар жүрегім,

Сағынышыңа сәлем айт.

Менде сағындым..

Көнбейді не кеш деуге мәуелі ай,

Жанымның саған жеткен әуені—ай.

Әйтеуір бір шошитын ойымнан,

Ойыңа сәлем айт.

Менде сағындым..

Әдемі қалпың қандай өзгермес,

Ғұмырым жарқырамай күзгі кеш.

Сендегін айтып көрмей сездім мен,

Айтылған арадағы сөзді кеш.

Бір лебізі айнымаған серіден,

Қашқын ем ой қамаған белден.

Жолығып қалардайын не дәме,

Екеуміз ойламаған жерден.