Найти в Дзене

Иллюзия

Шақырып ең қоймап едің,

Мен басқаша ойлап едім.

Көп қысылып келгенімде,

Үстіңде ақ той көйлегің.

Түсінбедім күрсінгенің,

Бұл қылығың тылсым керім.

Тұрмыс құрам деп отырып,

Маған нені білсін дедің.

Кеше жүрсек айып па,

Терең түсін жай ұқпа.

Тұрмысыңа асықсаң,

Бұл іс саған лайықпа.

Шыға ма деп дауыс құр,

Жүректе жай шабыс тұр.

Дегеніңдей шанс бұл.

Жүрек тула жан ысқыр,

Сендегі әсем таныс нұр.

Иллюзияң керемет,

Енді тема ауыстыр.

Менде ішімде от алаулап,

Сен жүзіңде алай—дүлей.

Бірдеңе жоқ басқа ой болар,

Шаршаттың—ау қалай бұл—ей.

Өзің ойлаш қалай бұлай,

Кеттім дейсің қарайламай.

Әлек құмар әурелім—ай,

Бақытты бол абайламай.