Облыста үй жануарлары мен құсты түрлі ауруларға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға облыс бюджетінен 441 млн теңге шамасында қаражат бөлінген, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, екпе науқаны басталғалы 133 мың ірі қарадан сынама алынып, 134-де бруцеллез табылған.Ауру сиырлардың көзі жойылды. Ірі қара мал арасында туберкулез