Найти в Дзене
Daulet pishet

Толқындық қозғалыс деген не?|Суперпозиция принципі|9 класс

дисКЛЕЙмер:

Автор сауатсыз, сондықтан егер қателектер болса комментарийға жазуға сұраймын.

Механикалық толқын дегеніміз серпімді орта бөлшектері арқылы энергияның тасымалдануы.

Серпімді ортаның бөлшектерінің арасында молекуаралық өзару әсерлесу күштері бар.Олар алған энергия есебінен сығылу, созылу және ығысу деформацияларға ұшырайды, сол кезде серпімділік күші пайда болып, бөлшекті бастапқы орнына қайтарады.Орта бөлшегі тербеледі. Ол көрші тұрған бөлшекке энергия береді және энергия алған бөлшек еріксіз тербеліс жасайды.

Механикалық толқындарға мысал:

  • Дыбыс толқындары
  • Сейсмикалық толқындар
  • Судағы толқындар

Толқындық бет дегеніміз не?

Бірдей фазада тербелетін орта нүктелерінің геометриялық орны.

Толқындық бет екіге бөлінеді сфералық және жазық.Сфералық толқындар нүктелік көзден шығып, біртекті ортада таралады.Ал жазық толқындар толқындық беті параллель жазықтар тәрізді толқындар .

-2

Толқынның болу шарттары:

  1. Көзі - қоршаған кеңістікте қоршаған ортаның деформациясын жасайтын тербелмелі дене.
  2. Серпімді орта (газ, сұйық, қатты)
  3. Вакумның болмауы(Механикалық толқын вакуумда пайда бола алмайды.)

Жалпы толқынның екі түрі бар:

1.Бойлық толқын толқынның таралу бағыты бойынша тербеліс жасайтын толқындар.Ол біртекті ортада болады, және сығылу мен сиреу кезектеседі.Серпімді бойлық толқындар-бұл сығу және сиреу толқындары. Олар кез – келген ортада таралады-қатты, сұйық және газ тәрізді. Бойлық толқынның мысалы-дыбыс толқындары. Кейбір серпімді дененің, мысалы, жіптің, металл қаңылтырдың, ағаш тақтайшаның және т.б тербелісі нәтижесінде ауа ортасының бойлық тербелісінің толқын тәрізді таралуы пайда болады.

-3

2.Көлденең толқындар толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта тербеліс жасайтын толқындар.Серпімді көлденең толқындар-бұл ығысу толқындары.Тек қатты денелерде таралады.

-4

Интерференция деген не?

Периодтары бірдей екі (немесе бірнеше) толқын қосылғанда кеңістіктің кейбір нүктелерінде қорытқы толқынның күшеюі (әлсіреуі) нәтижесінде толқын интенсивтілігінің өзгеруі толқынның интерференциясы деп аталады. Пайда болған толқынның пішіні мен жиілігі қосылған толқындардың амплитудасы мен жиілігіне байланысты. Қорытқы толқынның пішіні суперпозиция принципін қолдану арқылы анықталады.Интерференция байқалу үшін бірдей тербелістер фазаларының тұрақтылығы болу қажет.

Суперпозиция принципі дегеніміз не?

  • Әрбір толқын басқасынан өтіп, болашақта басқа толқын мүлде болмаған сияқты әрекет етеді.
  • Кез-келген уақытта бірнеше толқындардың әсерінен туындаған тербеліс амплитудасы әр толқын амплитудасының, жеке алғанда векторлық қосындысына тең.Бұл принцип механикалық (дыбыстық, су бетінде) үшін де, электромагниттік толқындар үшін де жарамды.
  • Екі толқын "кездесетін" нүкте екі тербеліске қатысады.
  • Тепе-теңдік жағдайынан алынған нүктенің қорытқы ығысуы әр толқыннан туындаған жеке ығысулардың қосындысына тең

Дифракция деген не?

Толқын дифракциясы деп толқындардың бөгеттерді орап өту құбылысын айтамыз.Мысал:толқын бөгетпен соқтығысу кезінде бағытын өзгертеді.

Бөгеттен кейінгі аймақтағы «көлеңке» қалай байқалады?

Егер толқын жолында бөгет тұрса, онда өлшеміне байланысты бөгеттен кейінгі аймақта көлеңкені байқауға болады. Көлеңке деп толқынның таралмайтын аймағын айтамыз. Бөгеттің өлшеміне байланысты көлеңке аймағының өлшемі мен пішіні әртүрлі болады

Қажет формулалар:

Толқын ұзындығы - λ(толқын ішіндегі бірдей қозғалатын және тепе теңдік күйінен ауsтқулары да бірдей болатын бір біріне ең жақын жатқан екі нүктенің арақашықтығы)

Егер λ>d болса, дифракция қалай бақыланады?

Егер λ>d болса, онда дифракция бөгеттен алыс қашықтықтарда да бақыланады.

Толқын жылдамдығы - v

Толқын периоды - T

Тербеліс жиілігі - f

v = λ / T

v = λ*f

T = 1 / f

Дифракция интерференциямен қалай түсіндіріледі?

  • Дифракция интерференциямен түсіндіріледі. Толқын жолындағы бөгет екінші ретті толқын көзі болып табылады және толқындар түзу сызықты таралу бағытынан ауытқиды, яғни олардың шеті иіледі. Көлеңкелер аймағында толқындар интерференциясын бақылауға болады.

дискорд сервер: https://discord.gg/3GY4pDAQbm