Ағылшын тілінде 26 шақ бар! Оның басым бөлігін ағылшындардың өздері де білмеуі мүмкін. Өйткені оларға ережені жаттау керек емес, себебі ағылшын – олардың ана тілі. Бұл «үстеу мен шылау деген не?» деп қазақтан сұрағанмен бірдей.
Мектепте шақтардың түрлерін оқытатыны есіңізде ме? Көмекші етістік, бастауыш пен баяндауыш деген ережелерден бас айналатын. Оларды қолдану аясы, ерекшелігі – бұлардың бәрін жаттау мүмкін емес көрінетін. Қорықпаңыз! Бұл жерде сізге ешкім «Білмесең, тыныш отыр» деп ұрыспайды.
Сонымен, ағылшын тіліндегі ең оңай шақ – осы шақ, яғни Present Simple. Ол осы шақта тұрақты қайталанатын іс-қимылды білдіреді.
«Бұл не деген сөз?», - деп сұрасаңыз... Бұл жыл сайын, ай сайын, апта сайын, күн сайын, жылына екі рет, айына бір рет қайталанатын іс-қимыл деген сөз. Мысалға, мектепке барып жүрсіз немесе тұрақты түрде футболға барасыз делік. Яғни бұл белгілі бір уақыт ішінде болатын, қайталанатын құбылыс, іс-әрекет.
Ағылшындардың ерекшелігі – олар үнемі етістікті, дәлірек айтқанда көмекші етістікті қолданып сөйлейді. Мәселен, қазақ тілінде «Мен студентпін» деп айтсаңыз, ағылшынша «Мен студент болып табыламын » (I am a student) деп жеткізесіз.
Үш көмекші етістік бар: to be (болу/болып табылу), to do (жасау), to have (ие болу). Олар шаққа және есімдікке байланысты түрленеді. Төменгі кестеде көмекші етістіктердің осы шақтағы түрленуі көрсетілген.
To be көмекші етістігіне назар аударыңыз. Ол бастауыш пен баяндауышты байланыстырып отыр. Сондай-ақ, есімдікке байланысты өзгеріп тұр.
We are the champions! — Біз чемпионбыз! (деп Фредди Меркьюри әндететін)
— I am ill. — Мен аурумын/Мен ауырып отырмын. (деп Д/Ш-дан қашқан оқушы ағайдан сұранды)
— Are you? — Сен бе? (деп ағай сенбей отыр)
She is all right. — Онда бәрі жақсы.
Көмекші етістіктердің ауызекі тілде қысқаша нұсқасы қолданылады:
Сұраулы сөйлемнің екі түрі бар. Сұрақ сөзі бар арнайы сұраулы сөйлем (қайда, қашан, неге, кім деген сөздері бар) және жалпы сұраулы сөйлем болып бөлінеді (ондай сұраулы сөйлемге «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруге болады).
Арнай сұрақ сөзі бірінші тұрады, кейін көмекші етістік жазылады, артынша бастауыш және қалған сөйлем мүшелері тұрады:
Are you all right? — Сенде / сізде бәрі жақсы ма?
Is she in? — Ол үйде ме?
Are they at home? — Олар үйде ме?
Where are they? — Қайда олар?
What is it? — Бұл не?
Who is it? — Бұл кім?
Болымсыз сөйлемде NOT демеулігін қолданамыз. Ол to be көмекші етістігінен кейін қойылады.
I am not a student = I’m not a student.
He is not here = He isn’t here ( немесе He’s not here).
We are not engineers = We aren’t engineers ( немесе We’re not engineers).
Ағылшынша сұраққа тек қана «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру сыпайылыққа жатпас. Сондықтан жауаптан кейін міндетті түрде есімдікке байланысты to be-дің болымсыз түрін қолдану керек.
— Are you a doctor? — Сіз дәрігерсіз бе?
— Yes, I am./No, I am not = No, I’m not — Иә, мен дәрігермін./Жоқ, мен дәрігер емеспін.
— Is he at home? — Ол үйде ме?
— Yes, he is./No, he is not. = No, he isn’t. — Иә, ол үйде./Жоқ, ол үйде емес.
Қалай? Күрделі зат емес пе? HAVE көмекші етістігі де оңай. Ол бір нәрсеге иелік ету, ие болу дегенді білдіреді. Мәселен, «Менде ит пен мысық бар» деген сөйлемді «I have a dog and a cat» деп жазамыз.
Have етістігінің сұраулы және болымсыз түрін жазу үшін DO көмекші етістігін қолданамыз.
What do we have for lunch? — Түскі асқа не бар?
Do you often have colds? — Саған салқын жиі тиеді ме?
How many lessons do you have on Monday? — Дүйсенбіде сенде қанша сабақ?
I don’t have any intention to go there. — Ол жаққа баруға менде ешқандай ынтам болмай тұр.
Енді DO көмекші етістігінің формуласын қарайық.
At the weekend, we usually drive to the country. — Демалыста әдетте біз көлікпен қаланың сыртына шығамыз.
A good sportsman does exercises every day. — Жақсы спортшы жаттығуларды күнде жасайды.
Ал сұраулы сөйлемі қазақшаға мүлдем ұқсамайды. Әдетте (қайда, қашан деген) сұрақ сөзі бірінші тұрады. Кейін көмекші етістік жазылады. Үшінші боп бастауыш шығады. Сосын негізгі етістік, әрмен қарай сөйлемнің қалған мүшелері де кезекке тұрады. Уайымдамаңыз! Формуласын білсек, сөйлем құру еш қиынға соқпайды.
Осы схеманы пайдаланып, бірнеше сөйлем құрап көрейік.
Қазақша сұрақ қояйық. Сіз қайда тұрасыз? Алдымен қайда — WHERE деген сөзді жазамыз. Екінші орынға DO немесе DOES көмекші етістігін қоямыз. Қалай таңдаймыз? –S жалғауы ОЛ деген үшінші тұлғаға тән. Бұл жерде СІЗ — YOU деген сөз үшінші тұлға емес, яғни DO көмекші етістігін таңдаймыз. Тұру немесе өмір сүру — LIVE. Нәтижесінде Where do you live шықты ма?
What do you do? — Немен айналысасыз?/Кәсібіңіз қандай?
Why does she learn Japanese? — Ол жапон тілін неге оқып жатыр?
Who does he meet in the street every day? — Ол күн сайын көшеде кімді кезіктіреді?
How many times a year do they have a holiday? — Оларда жылына неше рет демалыс болады?
When does she come to the office? — Ол кеңсеге нешеде келіп жүр?
Do you speak Kazakh? — Қазақша сөйлейсіз бе?
Does he play basketball with his friends? — Ол достарымен баскетбол ойнады ма?
Who works at this place? — Бұл жерде кім жұмыс істейді?
What troubles you so much? — Сені сонша не мазалап отыр?
Which book interests you more? — Қай кітап сені қатты қызықтырады?
Соңы – болымсыз формасы. Ол үшін манағы DO/DOES көмекші етістігі мен NOT демеулігі керек. Схема келесідей.
Ауызекі тілде don’t және doesn’t қысқаша түрі қолданылады. Толық формасы ресми құжаттарда жазылады.
I don’t understand you when you speak English fast. — Сіз ағылшынша тез сөйлегенде, сізді түсінбеймін.
They don’t smoke and don’t drink alcohol. — Олар темекі тартпайды және ішімдік ішпейді.
He never comes too late. — Ол ешқашан кешікпейді.