Германияда бірқатар институттар, суперөткізгіш кубиттерінде негізделген кванттық процессор құру жөніндегі ұлттық жоба бойынша жұмысын бастады деп хабарланды. Бұл GeQCoS жобасы, ол «суперөткізгіш кубиттерінде негізделген неміс кванттық компьютері» дегенді білдіреді. GeQCoS жобасы Федералды Білім және Зерттеу Министрлігі тарапынан 14,5 миллион еуро көлемінде қаржыландырылады, оның 3 миллион еуродан астамы Карлсруэ технологиялық институтына бөлінеді (KIT).
Карлсруэ институты жобада маңызды рөл атқарады. KIT зерттеушілері суперөткізгіш кубиттерге мықты материалдар іздейді. Атап айтқанда, пресс-релизде: «Кванттық компьютердің негізгі компоненттері, кванттық биттер немесе кубиттер, өткізгіштік тізбектердегі нөлдік кедергі тоқтары арқылы жүзеге асырылады. Бұл тоқтар сыртқы бұзылуларға салыстырмалы түрде төзімді және жұмыс кезінде кванттық күйлерді сақтай алады» деп айтылған.
Кубиттерді жасау үшін, жаңа материалдарды пайдалану нәтижесінде, кубиттердің қайта жаңғыртылуы мен сапасы жоғары болады, соның ішінде көптеген кубиттердің байланысы жақсарады және процессорлардағы кубиттер саны артады деп күтілуде. Суперөткізгіш кубиттерді қолдануға байланысты, қателіктер кванттық есептеулерді қиындатады — қате есептеулердің дәлдігін төмендетеді, сондықтан неміс ғалымдары кедергілерге төзімді кванттық архитектуралар құруды басты мақсат етіп қойды.
Сарапшылардың пікірінше, қазіргі кезде кванттық компьютерлер кішігірім нақты міндеттерді шешуге және негізгі операцияларды орындай алады дейді. Ұзақ мерзімді перспективада бұл жұмыс, классикалық компьютерден гөрі, маңызды тапсырмаларды жылдам есептейтін кванттық компьютерді құруға бағытталған. Практикалық тапсырмаларды есептеу үшін қолайлы архитектура, аппараттық және бағдарламалық жасақтаманы едәуір жақсартуды талап етеді.
Осы мақсатқа жету үшін, жоба ауқымды өндірістік процесстер мен оңтайландырылған корпустарды чиптер үшін жасап шығарады. Процессордың прототипі Бавария Ғылым академиясының Вальтер Мейснер институтында орнатылады.