Найти в Дзене
Әсет Әссанди

ӘКІМ ҚАБЫЛДАҒАН ҰСЫНЫС...

-2
-3
-4

– Әсет аға, ассалаумағалейкум!

– Уағалейкумсалам, Мұрат-інім айналайын! Жұмыстарыңыздың қарқыны пәсеңдемесін! Алла өзіңізге қуат, ойларыңызға шуақ берсін!

– Көп рахмет, аға!

– Менің бір ұсынысым бар еді.

– Құлағым сізде.

– Ғабидолла-інім, сіздің әріптесіңіз, әнші Қайрат Нұртасты Шымкент қаласының Құрметті азаматы етіп еді – содан бері шымкенттіктер сол Қайратты көрмей кетті. Осы елдің тумалары ғана емес, шын жанашырлары, Шымкенттің имиджін республика және халықаралық деңгейде тұрақты көтеріп жүрген бауырларым бар, айтыс ақындары Біржан Байтуов, Қажымұхан Абзалов, Нұрлан Есенқұлов – осы атаққа нағыз лайық жандар.

– Түсіндім, ұсыныс қабылданды. Тағы бүйімтайыңыз бар ма?

– ҚР Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаментінің қорғаныс, құқық тәртібі және сыртқы байланыс мәселелері бойынша актілерді сараптау бөлімінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, көмекшісі, кейіннен қоғамдық қатынастар мониторингі бөлімінің меңгерушісі, Кентау қаласы әкімінің орынбасары, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы, қала әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған заңгер бауырым бар еді...

– Түсінікті... Шынында да, өте жақсы, іскер азамат! Ол бауырыңызды құттықтай берсеңіз болады...

PS. ӘКІМ: «ҚҰТТЫҚТАЙ БЕРСЕҢІЗ БОЛАДЫ» ДЕДІ...

Жақсы ниетіміз бен жылы лебізімізді осыдан бірнеше сағат бұрын білдірген едік. Енді, аузымызды жиіп болмай жатып, сүйінші хабар жетіп келді. Менің жақсы көретін бауырларымның бірі Рашид Мыңбаев дәл осы сәттен бастап Әл-Фараби Ауданының әкімі қызметіне кірісті.

Рашид-інім айналайын, жаңа қызмет құтты болсын!

Ел өзіңе сенеді, ел сенімін ақтайды деп мен де сенемін!..

(Ә.Ә.)