Найти тему

Қазақ халқындағы бала тәрбиесі.

Бала тәрбиесіне ата-бабаларымыз ерте кезден-ақ назар аударып, көп көңіл бөлген. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, елдің басты құндылығы ол өскелең ұрпақ. Ұрпақ мемлекеттің іргетасы. Әрбір отбасы ол бір мемлекет. Отбасы – әр адам үшін сүйіспеншілік пен махаббатқа толы мекен. Отбасында дарығын тәрбие, өз елімізге деген сүйіспеншілік, ар-намыс қағидалары адам баласын өмір бойы алға сүйрейтін қағидалар. Отбасының бала тәрбиесінде алатын орны ерекше, себебі баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, баланың алғаш қалыптасуы тікелей ата-анаға байланысты. Ата-ананың мейірімі мен шапағатына бөленген нәресте алдағы уақытта да өмірге деген жағымды көзқарасының қалыптасуымен ерекшеленеді. «Ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде» [1] демекші, халқымыз ұл баланың да, қыз баланың да тәлім-тәрбие алуына ерекше көңіл бөлген. «Тәрбие тал бесіктен» халқымыз баланы туылмай тұрып-ақ оған үлкен махаббат пен қамқорлық көрсететінін байқаймыз, мысалы жүкті әйелді ата-бабамыз қараңғы түскенде далаға шығармаған, олардың сенімі бойынша түнде «қара күштер» көп, сол себепті жүкті әйелді барынша сақтандыру үшін оны шығармауға тырысқан. Сонымен қатар, халқымыз аяғы ауыр анаға арнап мал байлайды, айы-күні жетіп нәресте дүниеге келгенде арнайы байланған малды сояды. Босанған анаға осы малдың етінен ас әзірлейді. Бұл дәстүр қалжа жегізу деп аталады. Жас босанған ананың күш-қуаты азайған болады, сол бойындағы дәрумендерді қалыптастыру мақсатында қалжа жегізеді. Қалжа – бөбектің ширақ, мықты болып өсуіне ықпал етеді. Қалжа жеген ананың сүті де мол болады деп сенеді. Ата-бабамыз баланың туылған сәтінен бастап ұлан асыр той жасайды, туған-туыстың басын қосып, нәрестенің дүниеге келу құрметіне «Шілдехана» жасайды. Халқымыз ежелден баланың тәрбиесіне көңіл бөлген, Ахмет Байтұрсынов айтқандай «Ұлды ұлша тәрбиелесең – ұл болады, құлша тәрбиелесең – құл болады» дегендей. Тәрбие – адамның осы әлемге деген көзқарасы мен адам болып қалыптасуының басты нысаны [1]. Қазақстан Республикасының Конституциясының 27 бабының 2 тармағына сәйкес: Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті болып табылады [2].

Халқымыз қыз бала тәрбиесіне де көп көңіл бөлген, себебі қыз ол болашақ ана, халықтың айнасы. «Қызға қырық үйден тыйым» деп қыз баласының жасауға болмайтын ұстанымдары туралы айтылады. «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» демекші, қыз баласы халқымыз үшін ең қадірлісі. Мұхтар Әуезов «Қыздарыңа үлгі болыңдар, өздеріңнің кемшіліктеріңді түзеңдер, оның көзінше дұрыс жүріп тұрыңдар. Келіндеріңе қомқор, жарларыңа сыйластықты, аналарыңа ізетті болыңдар» [1] - деп болашық ұрпаққа ізгі ниет қалдырған. Халқымыз қыз баласын сыйлап оны әрқашанда төрге шығарады. Қыздың қабағы күлімдесе – құт келеді деп есептейді. «Әйел – бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді», «Ерді ер қылатын да, жер қылатын да әйел» бұл дегеніміз өміріміздің сәні мен мәні қыздар қауымы.

Халқымыз баланы әрқашанда тура жолға, дұрыс жолға бағыттап тәрбиелейді. Салт-жоралар мен ырым-тыйымдардың көпшілігі үлкен моральдық құндылықтарға ие десекте болады. Бала қандай отбасында дүниеге келсе оның сенімі мен ұстанымдары сол отбасының ұстанымдарымен байланысты болып табылады. Діни тәрбиеге байланысты балаға еркіндік берілмейді, ол өз отбасында қандай діни ұстанымды ұстанса сол ұстаным бойынша тәрбиеленеді. Бүгінгі таңда да балаларда діни сенім таңдауы жоқ. Олар тікелей ата-ана таңдауында. Бірақ ата-аналар балаларына жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндігі жеткенше тәлім-тәрбие беріп, қалғанын оның өз құзырына қалдырулары тиіс деп есептеймін. Қазақстан Республикасының Заңнамасының 18 бабына сәйкес: Әр адам ой-пікір, ар-ождан және дін бостандығына құқығы бар; бұл құқық өз дінін немесе наным-сенімін өзгерту еркіндігін, өз дінін, наным-сенімін жеке өзі, немесе басқа адамдармен бірігіп тұтып, жария түрде, немесе жеке жолмен уағыздау, құдайға құлшылық ету, діни салт-жораларын орындау бостандығын да қамтиды. Сонымен қатар 19 бапқа сәйкес: Әр адам наным-сенім бостандығына және өз көзқарасын еркін білдіруіне құқығы бар; бұл құқық өз наным-сенімін кедергісіз ұстану еркіндігін және мемлекеттік шекаралар тәртібіне тәуелді болып қалмай, ақпараттар мен идеяларды еркін іздеп, кез-келген құралдар арқылы тарату бостандығын да қамтиды [3]. Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет. Әр мемлекет азаматына ар-ождан бостандығы берілген. Ешбір дінге басымдылық берілмейді.

ӘЛ-ФAРAБИ AТЫНДAҒЫ ҚAЗAҚ ҰЛТТЫҚ УНИВEРCИТEТI

Филocoфия жәнe caяcaттaнy фaкyльтeтi

Дiнтaнy жәнe мәдeниeтттaнy кaфeдрacы

Дінтану мамандығы, 4 курс студенті Оралқұл Ә. С.

Ғылыми жетекші: Phd доктор Утебаева Д. С

Өндірістік практика жетекшісі: Әскенұлы Ельнұр

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Бауыржан Момышұлы Ұшқан ұя романы, 2013.

2 Қазақстан Республикасының Конституциясы Электронный ресурс

URL: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_

3 Қазақстан Республикасының Заңнамасы Электронный ресурс URL :

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P020001378_#z1