Найти в Дзене
Канал Rayan.studio.kz

Әбу Ханифа мен атеистер.

Күндердің күнінде . Имам Ағзам Әбу Ханифаны сынамақшы болып , бір топ атеист алдына келеді. Олар келген бойда Имамды сұрақ астына алып былай деді: – Раббың қай жылы пайда болды? – Раббым , тарих, жыл-ай атаулыдан бұрын бар , және оның әуелі не ақыры жоқ, – де п жауап берді Имам. Ары қарай сөзін жалғастырып атеистерге қарсы сұрақ қояды: – Төрт санының алдында не бар? – Үш. – Үштің алдында не бар? – Екі. – Екінің алдында не бар? – Бір. – Бірдің алдында не бар? – Ештеңе жоқ. Сонда Әбу Ханифа: – Егер бір санының алдында ештеңе болмаса, онда Бір (жалғыз) болған Алла Тағаланың алдында не болады деп ойлайсыздар? Бұған қанағаттанбаған олар қайта сұрақтарын жалғастырып: – Раббың қай бағытқа қарап тұр? – дейді. – Егер жарық шамды қараңғы бөлмеге алып кірсеңіз, ондағы жарық қай бағытқа түседі? – Барлық жерге түседі. – Бұл жай шамның жарығы болса, онда әлемдердің Рабысының жарығы туралы не айтпақшысыз? Біршама ойланып қалған атеистер: – Онда бізге Раббыңды сипаттап берші, ол темір секілді қат
Әбу Ханифа мен атеистер.
Әбу Ханифа мен атеистер.

Күндердің күнінде .

Имам Ағзам Әбу Ханифаны сынамақшы болып , бір топ атеист алдына келеді.

Олар келген бойда Имамды сұрақ астына алып былай деді:

– Раббың қай жылы пайда болды?

– Раббым , тарих, жыл-ай атаулыдан бұрын бар , және оның әуелі не ақыры жоқ, – де п жауап берді Имам. Ары қарай сөзін жалғастырып атеистерге қарсы сұрақ қояды:

– Төрт санының алдында не бар?

– Үш.

– Үштің алдында не бар?

– Екі.

– Екінің алдында не бар?

– Бір.

– Бірдің алдында не бар?

– Ештеңе жоқ. Сонда Әбу Ханифа:

– Егер бір санының алдында ештеңе болмаса, онда Бір (жалғыз) болған Алла Тағаланың алдында не болады деп ойлайсыздар?

Бұған қанағаттанбаған олар қайта сұрақтарын жалғастырып:

– Раббың қай бағытқа қарап тұр? – дейді.

– Егер жарық шамды қараңғы бөлмеге алып кірсеңіз, ондағы жарық қай бағытқа түседі?

– Барлық жерге түседі.

– Бұл жай шамның жарығы болса, онда әлемдердің Рабысының жарығы туралы не айтпақшысыз?

Біршама ойланып қалған атеистер:

– Онда бізге Раббыңды сипаттап берші, ол темір секілді қатты ма, әлде, су секілді сұйық па? – деді. Имам кідірместен:

– Өлім алдында жатқан кісіні зиярат етіп көрдіңдер ме? – деді.

– Иә.

– Ол жан тапсырмас бұрын сөйлеп, қозғалып жатты ма?

– Иә.

– Жаны шыққаннан кейін қозғалды ма?

– Жоқ. Себебі, оның жаны (рухы) шығып кетті.

– Маған сол рухты сипаттап беріңіздер, ол темір секілді қатты ма, әлде, су секілді сұйық па?

– Оны біз сипаттай алмаймыз.

– Егер жаратылған рухты сипаттап, көзбен көре алмасақ, оны жаратқан Раббымызды қалай сипаттамақпыз? – деп, Имам әлгі атеистердің аузын жапқан екен.