Жалпы кез келген адам,тұлға дарынды,алайда оларды шыңдап тұруы керек. Яғни мотивация керек. Осы қазіргі тұста біздің жастарға деген үлкен жігер беретін жобаның бірі-'Елбасы медалі' жобасы. Ол жоба қазақ жастарына үлкен жеңіске,биікке ұмтылуға көмек беретін қадам. Жобаға қатысушы өзін жеті бағыт бойынша шыңдайды. Дарын мен дағды,кітап оқу,спорт,еріктілік,ұлттық мұра,саяхат һәм еңбек тәжірибесі. Бұл ұсынылып отырған жеті бағыт жастарды биік белестерге жетелейтіні һақ.
Дарын мен дағды: біздің бойымызда бір аспапқа немесе бір дүниені іске асыруға деген икеміміз болады. Ал осы бағыт соны дамытуға деген басты жол.
Спорт: осы бағыт қазіргі заманда таптырмас нәрсе. Не дегенмен өз денсаулығына салғырт қарайтындар жетерлік. Ал спортпен шұғылданған жан денсаулығын толық қамтамасыз етеді.
Кітап оқу: бұл бағдар өзгелерден гөрі дөп түсті десем артық айтқаным емес. Себебі кітапты шалқасынан оқып жатқан ешкімді көрмейміз. Көпке топырақ шашқаным емес. Алайда кітаптан басқа пайдасыз затпен айналысатын жастардың да аз емес екені шындық қой.
Еріктілік: бұны тегін жұмыс жасау деп емес, әлемді жақсы жаққа өзгерту жолындағы бір қадамым деп қараса дұрысырақ болады-ау деймін. Осы бағдар арқылы адамгершілік пен мейірімділікке жол бастайсың.
Саяхат: қазір Қазақстан түгілі өз елді-мекеніндегі тарихи немесе көрікті жерлерді,солар туралы білмейтіндер қаншама. Сондықтан бұл өз өлкеңді тануға деген бастама.
Еңбек ету: маңдай термен еңбек еткен адамның қор болмайтыны аксиома.
Осы жеті бағытпен еңбектену арқылы жастар сегіз қырлы,бір сырлы болады. Жоба жастарға деген таптырмас мүмкіндік деп білемін. Осы арқылы білімді,дені сау,өз елінің патриоты,еңбекқор,адамгершілігі мол жастарды қалыптастырамыз. Бұл дегеніміз керемет болашаққа жол ашуымыз. Не дегенмен болашақ жастардың қолында емес пе?!
Олар өздерінің бойындағы потенциалын ашады. Бұл дегеніміз біздің ұлы даламыздың балаларының жеті қырлы даму процесінде болуы. Осындай қарқынмен дамитын болсақ, 'Мен жастарға сенемін',-деп Мағжан атамыз айтпақшы, егер болашақта осындай жан-жақты дамыған жастар болса, елдің алдағы өміріне еш қам жемесек болады.
Ұлы дала баласының жеті қыры
1 минута
6 прочтений
20 февраля 202120 фев 2021