Қазыбек Мөлдір, 10 сынып
Ғылыми жоба жетекшісі: Алтайқызы Маржан
Бейіндік мектеп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Дәстүрлі емес және жаңғыртылатын қорларды пайдалануға негізделген энергетика- бұл халықтың әл-ауқатын көтеретін және қоршаған ортаны сақтайтын құрал.
Жобаның мақсаты: 1)Сарқылатын, энергетикалық ресурс (мұнай, табиғи газ, көмір) түрлерінің қорларын сақтап, оларға деген тәуелділікті жою; 2)Тұрғын үйлер мен автокөліктердегі энергия қажеттіліктерін баламалы энергия көздерімен өтеу; 3)Күн және жел қуаттарының мүмкіндіктерін ашу.
Тақырыптың өзектілігі: Жер шарында пайдалы қазбалардың түрі өте көп. Бірақ бұл –«олар мүлдем сарқылмайды» деген сөз емес. Әсіресе, бүгінде отынның таптырмайтын түрлері мұнай мен газдың қоры жыл санап кему үстінде. Соңғы кездері экологиялық проблемалар, пайдалы қазбалардың жетіспеушілігі және оны географиялық біркелкі емес таралуы салдарынан электр энергиясын өндіру, жел энергетикалық құрылғыларды, күн батареяларын, газ генераторларын пайдалану арқылы жүзеге аса бастады.Әлемде энергия қоры тапшы. Сондықтан энергияны үнемді қолдана отырып, онымен тікелей бәсекеге түсе алатын басқа да энергия түрлерін – атом, су, жел, күн, тағы да басқа энергияларды пайдаланудың маңызы өте зор. Климаттық ресурстар (күн,су және жел қуаты, биологиялық отын,)-сарқылмайтын табиғат ресурстары, олар дәстүрлі энергетикалық (мұнай,газ,көмір,атом энергетикасы) ресурстардан бөлініп баламалыэнергия көздері деп аталады. Энергетика бүгінгі әлемдік өркениеттің маңызды қозғаушы күші болып табылады.
Дүниежүзілік тәжірбие көрсетіп отырғандай,энергетиканың дәстүрлі емес түрлерін дамыту арқылы бірқатар елдер энергетикалық тапшылықтарын жоюда. Баламалы энергия көздерін пайдалануда АҚШ, Еуропалық одақ елдері, Қытай және Үндістан алдыңғы орындарда. Біз білетін әрі күнделікті пайдаланып жүрген дәстүрлі энергия көздері (мұнай,көмір,табиғи газ) қорлары жылдан-жылға азайып, сарқылуда,қайта қалпына келу мүмкіндігі жоқ. Қазіргі таңда дүниежүзінде минералдық отын тапшылығы байқалуда.Қарқынды пайдалану жағдайында мұнай тек 50 жылға, газ 50 жылға, ал көмір 150 жылға жетеді. Бұл мәселе болашақта дүниежүзі баламалы энергия көздеріне көшетіндігін дәлелдейді. Бүгінде Германияда (күн),Данияда (жел) және Испанияда (күн мен жел)электр энергетикасының 20% береді. Баламалы энергетиканы дамытуда көшбасшылар үштігін Германия, Испания, Жапония құрап отыр, олардың ізін ала АҚШ, Италия, Оңтүстік Корея, Чехия, Франция тағы басқалары келеді. 2010 жылғы наурызда «Planet Solar Turanor» күн батареясын пайдаланатын швецар-герман кемесін (катер) суға түсірсе, аталмыш компания «Solar impuls»швейцар-герман ұшағын сәтті ұшырды, ал электортогымен жүретін автомобильдер шығаруда Tesla компаниясының машиналары бүгінгі күнде конвейерге қойылған. Әлемнің кез келген еліне Тесла автомобильдерін тасымалдануда. Қазақстандада аталмыш компанияның машиналары өз технопарктерін ашуда.
Ғаламдық энергетиканың саяси жанжалсыз дамуына халықаралық ЮНЕСКО, ПРООН ұйымдары мүмкіндік туғызады. Халықаралық келісім, Киот мәжіліс хаты- энергияны дамыту стратегиясын дәстүрлі емес және жаңғыртылатын энергетикалық қорлар арқылы анықтайды, бұл қағиданы орындауға көптеген әлем елдері сонымен қатар Қазақстан да қосылды. Министрлер деңгейінде өткен «Орталық Азиядағы жаңғыртылатын энергияның орнықты дамуының стратегиялық орны» атты ЮНЕСКО-ның аймақтық конференциясында «Алматы Деклорациясы» маңызды орын атқарды (Алматы,2006).
ХХІ ғасыр жаңа технологиялар мен техникалардың заманы. Сондай ақ бұрын соңды болмаған, қолданысқа енбеген тың жаңа дүниелерімен таң қалдыруда. Қазіргі таңда дүниенің түпкір – түпкірінде, көпшілік елдерде табиғи ресурстарын сақтап, табиғаттағы сарқылмайтын энергия көздерін игеруде. Бұл дегеніміз адамзаттың табиғатқа ықпалы күшейіп түрлі экологиялық қауіп төндіріп, ендігі жерде соның салдарымен күресу және де минералды ресурс қорларын үнемдеу, келер ұрпаққа сақтап қалу. Сондықтан дүние жүзіндегі елдер балама энергия көздерін игеруде бір –бірімен бірлесе отырып жұмыстануда. Егер де күнделікті өмірімізде қалтамызды көп қақпайтын табиғаттың сарқылмайтын энергиякөздерін игеріп, тұрмысымызды жеңілдетсек жақсы болады деп ойлаймын.
Ұсыныс: 1)Балама қуат көздерін пайдалануға ынталандыруға бағытталған, оның ішінде қалпына келтірілетін қуат көздерін пайдалану; 2)Тұрғын үйлерді қауіпсіз энергия көздерімен қамтамасыз ету; 3)Автокөліктерді экологиялық жағынан таза қуат көздерімен жүргізу; 4)Қазақстадағы бірыңғай энергетика жүйесін енгізу; 5)Шалғай ауылдардағы энергетика мәселесін жою.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Журнал. «Жастартехникасы», 1990ж.
2. Свен Уделл. «Солнечная энергия и другие альтернативные источники энергии»Изд. «Знание», Москва, 1980 г, 273с.
3. Национальная Программа развития ветроэнергетики в Республике Казахстан.-Астана, 2007. -15 с.