Найти в Дзене
Юный аль-Фараби

ТІСТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ТІС АУРУЛАРЫ

Сәрсехан Бауыржан (Қазақстан, Алматы)

әл-Фараби атындағы ҚАЗ-ҰУ Бейіндік мектебі

Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к: Каупенбаева Р.Б.

Тіс адамның ауыз қуысындағы ең катты сүйек ұлпасы деп те айтсақта болады. Тістің негізгі бөлігін дентин (лат. «dens» - тіс) заты құрайды. Оның құрамының 70%-ы фосфаттардан, фтордан және кальций карбонаттарының қосылыстарынан тұрады. Оны сауыт жағынан тісті зақымданудан қорғайтын қатты жылтыр эмаль қоршап тұрады. Тістің эмалі 95% - ға кальций фосфат қосылысынан тұрады, ал бұдан басқа оның құрамында фтор, мыс, мырыш, темір, кремний және т.б. заттар кездеседі. Оның бір шаршы миллиметр ауданы 400 килограмдай салмаққа төтеп береді [1]. Кіреукенің бұл қасиеті, оның құрамындағы бейағзалық заттарға тікелей байланысты. Бұдан басқа балалар тістері кіреукесінің құрамында минералдық заттар аз болғандықтан, ол жұқа болады.

Ересек адамның тұрақты 32 тісі болады. Олар жоғарғы және төменгі жақ сүйекке (әрқайсысында 16 тістен) орналасқан. Олар: 4 күрек, 2 ит тіс, 4 кішкене және 6 үлкен азу тістер. Тістер сүт және тұрақты боп екіге бөлінеді. Сүт тісінің пішіні де тұрақты тіс сияқты, бірақ көлемі кішірек, тамырлары едәуір қысқа, сүт тістері әр қатарда оннан (4 күрек, 2 ит тіс, 4 үлкен азу тіс) болады. Сүт тістерінің негізі ұрықтың ана құрсағында дамуы сатысында қалыптаса бастайды. Сәбидің сүт тісі 6 – 8 айлығында жарып шығып, 3 жаста толық жетіледі. Баланың тұрақты тістері 6 – 7 жаста, негізінен 14 – 16 жаста толық шығып болады. Ал ақыл тіс 16 – 25 жас аралығында шығады [2].

Ортопедиялық стоматология тәжірибесінде кездесетін негізгі нозологиялық ауруларының мысалына: тістердің жарып шыққанға дейінгі бұзылуларын, тістердің жарып шыққаннан кейінгі бұзылуларын және пародонт тіндерінің ауруларын келтірсек болады.

Тістер тіндерінің фолликулярлық даму кезеңіндегі, яғни тістердің жарып
шыққанға дейінгі бұзылуларына мысалы келтірсек тіс эмалінің гипоплазиясы жатады, ол
– ұрық немесе баланың ағзасындағы ақуыз және минералды заттар алмасуының бұзылысынан пайда болады [3]. Оның өзі үшке бөлінеді. Ошақты гипоплазия- бір қатар тістерде пайда болатын ауру. Жүйелік гипоплазия - топты тістердің қатты тіндері құрылымының уақыт аралығында дамыған бұзылысы, мысалы – Фурнье, Гетчинсон, Пфлюгер тістері. Жергілікті гипоплазия – тек бір немесе екі тұрақты тістердің зақымдануы. Егер тағыда мысал келтірсек Жетілмеген дентиногенез (dentinogenesisimperfecta) – тіс сауытының пішіні мен түсі дұрыс болғанымен түбірлердің жетілмеуі, болмауы немесе түбірлердің үшкір пішінді болуымен сипатталады және тіс мойнында орналасады.

Тістердің жарып шыққаннан кейінгі бұзылулардың көбінесе кездесетін ауру ол - кариес. Бұл тіс шыққаннан кейінгі паталогиялық процесс, тістің қатты тіндерінің деминерализациясы және қуыс түрінде болатын ақаулары. Кариозды процесс – тістің қатты тінінің зақымдалуының ерте және көп таралған түрі болып табылады. Тістердің кариозды ақауларын емдеудің негізгі әдісі пломбалау болып табылады. Топографиялық жіктелу кең қолданыс таба отырып, 4 сатыға бөлінеді: дақ сатысы (кариозды дақ), беткейлік тіс жегі, орташа тіс жегі және терең тіс жегі. Барлық сатылар жай немесе күрделі емес тіс жегі топтарына бірігеді. Асқынған тіс жегісі деп-кариозды процесстің прогресстенуінен болатын қабыну аурулары: пульпит және периодонтитті айтады.

Пародонт тіндерінің ауруларының жіктеулері: Гингивит бұл жергілікті және ортақ факторлардың жағымсыз әсерімен зерттелген және тіс - қызыл иек байланысы бүтіндігінің бұзылуынсыз өтетін қызыл иектің қабынуы. Пародонтит (parodontosis) - пародонт тінінің қабынуы деп те айтсақ болады. Пародонтит қабынудың қызыл иектен пародонттың басқа да тіндеріне таралатын және тіс-қызыл иек байланысы бүтіндігінің бұзылысымен, периодонттың және тіс аралық сүйек тіндерінің үрдісті деструкциясымен сипатталатын ауру өзгерістері. Пародонт және жақтардың альвеолярлы өсінділерінің үрдісті деструкциясымен сипатталады. Пародонтолиз (parodontosis) - пародонттың дистрофикалық зақымдалуы жіне пародонт тінінің үрдісті лизисі болатын идипатикалы ауру. Пародонтома (parodontoma) - ісік және ісік тәрізді аурулар (эпулис, фиброматоз және т.б.). Негізгі пікір көзқарасы бойынша келтірілген жіктелудің әлсіз жақтары жоқ, ол пародонт ауруларының әрбір формаларын терапия және профилактиканы ғылыми негіздеуге көмектесетін ақпарат болып табылады.

Қорыта келгенде тістің ауруларына шағылдырмау үшін, тісті сау қалпында сақтау үшін әрбір тамақтанғаннан кейін ауызды шайып, тісті тазалау кажет. Күн сайын тісті таңертең және кешке мұқият тазалап жуу керек. Тісті тазалауда белгілі ережені есте ұстау шарт. Алдымен бөлме температурасындағыдай сумен ауызды бірнеше рет шаю, содан соң арнайы мәсуекпен тазалау, алдыңғы жағын үйкелей бермей алдыңғы, артқы бүйір тұстарын да мұкият тазалау. Мәсуекпен тістердің арасымен жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға қарай ыскылау, тістердің ауыз қуысына қараған ішкі беттерін де тазалау қажет.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы, Қазақстан, 1991 ж.

2. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ж.

С. Н. Жакупбекова, С. Е. Аубакиров, Н. С. Асакаев, “Ортопедиялық стоматология саласындағы аурулардың жіктелулері”, 2012 ж.