Бигалиқызы Самал (Қазақстан, Алматы)
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Бейіндік мектеп
Ғылыми жетекшісі б.ғ.к: Каупенбаева Р.Б
Ерте заманнан-ақ ата-бабаларымыз дәрілік өсімдіктерді тани біліп, оның емдік қасиеттерін және тиімді жолдарын пайдалана отырып, өз тәжірибелерін өткізген. Дәрілік өсімдіктерден жаңа дайындалған тұнбалар мен ерітінділердің химиялық жолмен жасалған дәрі-дәрмектерден анағұрлым тиімді болады. Кейінгі жылдары медицинада шөптердің емдік қасиеттері, оларды тиімді пайдалануға ерекше назар аударылуда. Қазіргі кезде шөппен емдеу-фитотерапияны үй жағдайында қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Дәрісіз ем-домды жасау үшін дәрілік өсімдіктерден ем іздеуіміз керек. Өсімдіктер сарқылмайтын емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің маңызы зор.
Қазақстан жері әр түрлі табиғат жағдайында орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Адамзат баласы өсімдік өнімдерінің тағамдық жағын ғана емес, емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазақ халқы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Жер бетінде дәрілердің 40% өсімдіктерден алынады [1]. Жер бетінде өсетін барлық өсімдіктердің пайдасына көз жүгіртіп қарасақ, жүрек ауруларын емдейтін дәрі-дәрмектің 70%, ішек-қарын, бауыр дәрілерінің 75%, жатыр ауруларының шипалы дәрі-дәрмектерінің 80%, қақырық шығаратын дәрі-дәрмектердің 80%, қан тоқтататын дәрі-дәрмектердің 65% тек өсімдіктен құралады.
Алғаш рет Қазақстанда өсімдіктердің емдік құрамы туралы мәліметтер XII-XV ғасырларда жазылған [1]. Көптеген орыс қалаларында жасыл өсімдіктерді сататын дәріханалар ашылды. 3 ғасыр бойы емдік өсімдіктердің қолданылуы тәжірибелері жүргізілді. Бұл жазбалар XVIII ғасырдың соңына дейін жалғастырылды, қаншама рет толықтырылды, ауру түрлері ажыратылды. Дәрілерді жасау әдістері қарастырылды. Елімізде өсетін 20000-нан астам өсімдік түрлерінің 2500-інің шипалық маңызы бар [1]. Оның 600-ге жуық түрінен дәрі-дәрмек дайындауға шикізат ретінде пайдалануға болады. Алайда медицинаға 200-ге жуық дәрілік өсімдіктер белгілі. Қазақстанда өсетін 6000 өсімдіктің 500-і дәрілік өсімдіктерге жатады.
Осындай дәрілік мақсатта қолданылатын өсімдіктердің бірі – алоэ.
Алоэ – үй ішінде өсетін, декоративтік әрі шипалық мақсатта қолданылатын өсімдік түрі. Бұл өсімдік түрі халықтық және медициналық тәжірибеде кең қолданыста [2]. Ол тіпті үй гүлдерінің патшайымы деген атқа да ие. Алоэ – лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық бұта, кейде шырмауық түрінде мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді өсімдік. Суккулентті, жапырақтары тегіс немесе ара тістес. Отаны: Оңтүстік Африка. Таралуы: Африка мен Индияның жартылай шөл далаларында, Мадагаскарда кездеседі. Сондай-ақ тропиктік, субтропиктік белдеулерде кездеседі. Көбеюі: вегетативті жолмен. Оны көбейту үшін сабағының түбінен шығатын атпа бұтақтарын аналық өсімдіктен бөліп алып, құмды құнарлы топыраққа орналастыру керек. Биіктігі: 7-12 метрдей, сабағы жуан. Жапырағы: тегіс немесе ара тістес, шырынды, етті. Құрғақшылық кездері бұл өсімдік жапырақтары шырышты өзегіне қоймалжың сұйықтық жинайды, ол өсімдікті солып қалудан сақтайды. Қолдану бөлігі: жапырағы, сөлі. Жинау уақыты: жыл бойы [3].
Бұрын алоэны тек емдік өсімдік ретінде ғана емес, жұпар иісті өсімдік ретінде қолданылатын [3]. Ертеде жұпар иісті өсімдіктердің кейбірі Иордан аңғарында өсетін. Ал басқаларын сырттан әкелуге тура келетін. Киелі жазбаларда түрлі өсімдік өнімдері атап өтіледі. Солардың ішіндегі бізге анағұрлым таныстары алоэ, даршын т.б. Кей жұпар иісті өсімдіктер мен олардан алынған өнімдері алтынмен тең болған. Олар тіпті патшаға тартуға лайық еді. Сондықтан да Иса пайғамбар туылғанда, жұлдыз жорамалшылар оны яһудилердің патшасы деп санап, басқа да тартулармен қоса, хош иіс тартуды да жөн көрген. Сондай-ақ киелі кітапта басқа да оқиғалар бар. Мысалы, ''Шеба патшайымы патшайымы Сүлеймен патшаға 120 талант алтын, өте көп мөлшерде хош иісті май және асыл тастар сыйлаған. Сүлейман патшаға мұнша көп мөлшерде хош иісті майды ешкім әкелген емес. Басқа патшалар да Сүлейменге өздерінің жылы лебіздерін білдіру үшін хош иісті майлар сыйлаған.''
Ертеде жұпар иісті, емдік өсімдіктер өте бағалы саналған, себебі олар тән сұлулығын күтуде, діни қызмет атқаруда және жерлеу рәсімдерін жасауда маңызды рөл атқаратын. Оларға деген сұраныстың жоғары болуымен қатар, тасымалдау және сатумен байланысты шығындар да олардың бағасын шарықтататын. Осындай оңайлықпен табылмайтын өсімдіктер Алоэ, кассия және даршын қазіргі Қытай, Үндістан мен Шри-Ланка мемлекеттері орналасқан жерлерде өсетін. Мәйітті жерлеуге дайындау. Нікөдем есімді яһуди басшыларының бірі Иса пайғамбардың мәйітін жерлеуге дайындау үшін ''мүр мен алоэ'' қоспасын әкелген болатын. Сондай-ақ Иса пайғамбардың кейбір шәкірттері ''жұпар иісті заттар мен иісмай даярлап'', оларды қабірге алып барған. Ежелгі мысырлықтарда және дамыған елдерде Алоэны денсаулықты және сұлулықты, сондай-ақ жастықты сақтайтын қасиетіне байланысты жоғары бағаланған.
Терісі тап-таза болып, жүзі нұрға бөленіп жүретін даңқты мысыр патшалары Клеопатра мен Нифертити алоэ шырынын есек сүтіне шомылатын деген аңыздар бар.
Алоэның химиялық құрамы:
1.Антрагликозид-алоноин;
2.1,66% алоэ-эмидин;
3.25% алоэзин;
4.Натолин;
5.Геманатолин;
6.Ребарберон;
7.Шайырлы қоспа;
8.20% эфир майы, микроэлементтер мен фитонцидтер;
9.Таниндер;
10.Флавоноидтар;
11.Катехин қышқылы;
12.Гликозидтер;
Құрамындағы құндылығы жоғары 22 амин қышқылының 20-сы адам организмінде кездеседі. Ал жақында ғалымдар оның құрамынан сирек кездесетін күрделі көмірсу-ацеманнан тапты[3].
Ацеманнан тұмау мен қызылшаны және ісік ауруларын емдеуде қолданылады. Бүгінде оны СПИД-ті емдеуде қолданады. Алоэ-қоректік заттар қоймасы.Ол А,В,С дәрумендері арқылы ерекшеленеді[2].
Алоэның емдейтін аурулары:
1. Өкпе туберкулезі;
2. Иммунитет;
3. Тәбет ашу;
4. Ангина;
5. Күйік;
6. Жөтел;
7. Тері аурулары;
8. Суық тию;
9. Рак (жасушаларының өсуіне тосқауыл жасайды) ;
10. Тіс ауруы;
11. Бет немесе тері күтімі;
12. Белсіздік;
Жапырақ сөлі тәбет ашады, ас қорытады. Әр түрлі микробтарға қарсы тұра алады[1]. Химиялық медицинада алоэның шырыны жараны таңуға, әр түрлі тері ауруларына пайдаланады. Өсімдіктердің жаңа сөлі әсіресе қараңғы жерде ұстағаны туберкулезді емдеу үшін қолданады. Халық медицинасында жаңа жапырақтарды күйікті жазуға, дерматитке қарсы дәрі ретінде қолданылады.
Алоэның дәрілік қасиеті осыдан 3000 жыл бұрын белгілі болды[2]. Оны Египетте, Индияда, Италия, Грецияда сыртқы күйіктерге арнап қолданады. Орыс медицинасында жапырақ сөлін жүйке ауруларын, бас ауруына, бал мен борсық майын қосып туберкулездіемдейді[3].
Қорытындылай келе, денсаулық - зор байлық. Адамға өмір тек бір-ақ рет беріледі. Ал өмір денсаулықсыз мүлде қауқарсыз. Сол себептен денсаулығымызды күту - біздің міндетіміз. Ал сол денсаулықты күтү үшін көптеген амалдар жасаймыз. Асқынып кетсе, пышақ не ине тигізуге дейін барамыз. Ал одан соң денсаулықты қайта қалпына келтіру екі талай. Денсаулықты күтуде емдік өсімдіктердің көмегі орасан зор. Сол себептен емдік өсімдіктің бір түрі, көп аурулардың жазылуына өз септігін тигізген алоэ өсімдігін алуды жөн көрдім. Дәрілік өсімдіктер денсаулығымызды сақтауға көмектеседі, қаржы жағынан да үнемдейміз, табиғат байлығын қорғауға да атсалысамыз. Үй жағдайында да, түрлі химикат дәрілердің орнына, емдік өсімдіктерді өсіріп, пайдалануды ұсынамын. ''Халықтың саулығы - елдің саулығы''. Салауатты өмір салтын ұстану әр азаматтың міндеті. Әр азамат өз денсаулығын күте білсе, өзіне де, еліне де тигізер пайдасы орасан зор.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Денсаулық журналы №8; 2006 жыл; 12 бет.
2. Кукенов М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана.-Алматы, 1999.-160 стр.
3. Гүлстан (Республикалық ғылыми-танымдық көпшілік журналы) №4;2005 жыл; 9бет