Найти в Дзене

Ал, олай болса қойшының әңгімесін жалғастырайық.

😎Ал, олай болса қойшының әңгімесін жалғастырайық.
🐏Қай жерге келіп тоқтап едік? Мен әкемнен қалған 14 қой бар екенін білдім. Бағып беріңдер деп бір емес, екі досыма тапсырдым. Одан ештеңе өнбеген соң өзім қой бағып кеттім. Кейін ғалымдармен таныстым. Асыл тұқымды мал аламыз деп елдің күлкісіне қалған жағдай еді ғой...
🤔Дәл осы елдің күлкісі мені қайрай түсті. Қайтқан жоқпын.

😎Ал, олай болса қойшының әңгімесін жалғастырайық.

🐏Қай жерге келіп тоқтап едік? Мен әкемнен қалған 14 қой бар екенін білдім. Бағып беріңдер деп бір емес, екі досыма тапсырдым. Одан ештеңе өнбеген соң өзім қой бағып кеттім. Кейін ғалымдармен таныстым. Асыл тұқымды мал аламыз деп елдің күлкісіне қалған жағдай еді ғой...



🤔Дәл осы елдің күлкісі мені қайрай түсті. Қайтқан жоқпын. Ұрықтандыру жұмысын 5 ай бойы жүргіздік. Айналада сыртымыздан мазақтамаған адам қалмады. Біз туралы неше түрлі приколдар шығып кетіпті. Оны тағы бітіңе қарап тұрып айтқанда...🤦🏻‍♂️

🤷🏻‍♂️Жалпы біздің елдің мінезі қызық қой. Өзіміз ғой сол. Бір нәрсені қолмен ұстап көрмей жан баласына сенбейміз. Айтса жамырап бетіне басамыз...

⚡️Хош, 120 күннен кейін біздің ауылдың төбесінде найзағай ойнады!

💡Тура 5 айдан кейін жігіттер кел де келге салып шақырып алды. Мен әдеттегідй зымырап жетіп бардым. Барсааааам...

🐑Көз алдымда құлақтары салпиғаааан, сирақтары дәәәу, денесі квадрат, көздері жанып тұрған бір жаратылыс тұр.

😲Мәссағаааан! Мұндай да қызық болады екен-ау! Мынау қозы ма, тоқты ма? Сене алар емеспін! Бұл ертең өссе не болады, о, тоба!..

😎Қайта-қайта ұстап көрдім. Одан көтеріп алдым. Бойымды бір қуаныш билеп алды. Одан құшақтап сүйіп-сүйіп жібердім. Ура!

✅Елдің әңгімесі сып тиылды. Баяғы приколдар жайына қалды.

✅Енді өмірімдегі жаңа бір кезеңге аяқ бастым. Осылайша мен өзіме асыл тұқымды мал тақырыбын аштым.

📌Нағыз қызық енді басталады. Осы жазбамның астына “Құтты болсын” деген 100 пікір түссе, ертең кеште қалай да жалғасын жазып саламын!