Найти в Дзене

Құрметті ағайын

🤠Мал шаруашылығының дамуына атсалысып жүргеніме биыл 17 жыл толып отыр. Қарап отырсам, өмірімнің біраз бөлігін осы салаға арнаған екенмін. Ол үшін өкінбеймін.
🇰🇿Осы жылдар ішінде Қазақстанның біраз өңірін араладым. Мыңдаған адаммен жолықтым.
⚖️Қазір қарап отырсам, сол кездесулердің қаншасы өнімді, қазаққа пайдалы болды, нақты жауап беру қиын екен. Біреу менің түрімді көруге келеді. Біреу



🤠Мал шаруашылығының дамуына атсалысып жүргеніме биыл 17 жыл толып отыр. Қарап отырсам, өмірімнің біраз бөлігін осы салаға арнаған екенмін. Ол үшін өкінбеймін.


🇰🇿Осы жылдар ішінде Қазақстанның біраз өңірін араладым. Мыңдаған адаммен жолықтым.

⚖️Қазір қарап отырсам, сол кездесулердің қаншасы өнімді, қазаққа пайдалы болды, нақты жауап беру қиын екен. Біреу менің түрімді көруге келеді. Біреу тәжірибемді үйренуге келеді. Біреу сынауға келеді. Әр түрлі енді.

✅Бірақ мен осымен бірінші этапты жабық деп жариялаймын.

💡Еліміздегі мал ісін дамытуды жаңа деңгейге шығару үшін мен екінші этапты бастаймын!

✅Алмасбек өзінің ақылы негіздегі авторлық семинар сабақтарын бастайды!

🖐🏻Менің жекеме “сабағыңызға қатысқымыз келеді”, “ақыл-кеңес беріңіз” деп жатқан елде есеп жоқ. Олардың көбі Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау облыстары, Алматы және Шымкент қалаларынан екен.

🔥Ең маңыздысы, сабақтарымнан түсетін қаражат менің қалтама емес, “Shopan ata” Ұлттық мал өсірушілер қауымдастығының қазынасына келіп түседі. Сосын ол қаржыны қайтадан мал шаруашылығының дамуына, шаруалардың мәртебесі жолында жұмсайтын боламыз!

✅Ал, дауыс беріңіздер. Семинар сабақтарымды қай өңірден бастайын?