Өздеріңіз де байқап жүрген, бірақ түсінбей жүрген бір мәселе туралы айтқалы отырмын. Мысалы, ауыз екі тілдегі «анау Мырқымбайдың мафиясының Тырқымбайды алдап кеткені мәлім болып, енді Тырқымбай не істерін білмей сасқалақтап отыр» деген сөзді екінің бірі түсінеді. Ал халықаралық тілде қатаң этикет*, одан қалса түрлі регламенттер сақталуы керек болғандықтан, саясаткерлер бұл сөзді алыстан орағытып сөйлегенде, әлгі Мырқымбай да, Тырқымбай да: «мынау не тантып отыр өзі?» деп түкке түсінбей, бастарын қасиды-қасиды да, жайына кетеді. Күнделікті өмірден бір мысал келтірейін. Өздеріңіз білесіздер, 1990 жылы НӘН бір кісі, күллі әлемге үлгі боламын деп Қазақстанға құдайдың өзі тегін әкеліп берген ядролық қарулардың біразын Сарыөзекте жойып, қалғанын АҚШ-қа тегін беріп жіберген болатын. Содан бері 30 жыл өтті. 2020 жылы қыркүйек айында БҰҰ сөйлеген ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаев: «Әлемнің азулы елдерінің ядролық қаруды тарқатпау туралы уәдесін орындамауы қазақ елін осал және қауіпті жағдайда қалдырып отыр» (ставит нас в крайне уязвимое и опасное положение: https://news.mail.ru/politics/44974982/?frommail=1) деп шырылдап безек қақты. Себебі, қазақтарды қарусыздандырып болған соң, АҚШ, Ресей, Франция, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Солтүстік Корея және т.б. «осынша қаражат жұмсап жасап шығарған ядролық қару жарақты жою деген не сұмдық» деп, ең баста «хахолдар мен қазақтар қаруын жойса, біз де жоямыз» деген сөздерінен тантып шықты. Нәтижесінде сорлы хохолдар Қырым мен Донбасстан айырылды. Енді міне орыстар қазақтың жеріне көз аларта бастаған соң, қазақтар «о-о-о, әкең-ң-ң, көрсетейін мен саған» деп белін сипағанда, баяғыда табыла кететін алдаспан қылышы белінде болмай шықты. Сонда барып ол қылышын баяғыда болмашы ақшаға сатып жібергені есіне түсті. Енді міне осы есерсоқтығымыздың обалын ешбір жазығы жоқ сорлы ұрпақтарымыз көрмесе болар еді – деп Аллаға сыйынудан басқа амалымыз жоқ. Айтайын дегенім осы еді, бірдеме түсіндіңіздер ме?!
* Этикет (франц. étiquette – этикетка, надпись) – правила поведения людей в обществе, поддерживающие представления данного общества о подобающем.
(Автордың «Иман және Заман» журналындағы барлық жазбаларын, төмендегі сілтеме бойынша тауып алуға болады: https://zen.yandex.ru/id/5f114bd6e99a7e1d3a011730)