Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене
Визажист Lena Visage

Бет терісі неге майланады?

Бет терісінің майланып, жылтырап тұруына бірнеше себеп бар. Олар:

Сыртқы факторлардың әсерінен қазір қыздардың беті көбінесе майлы боп келеді. Бет терісінің майланып, жылтырап тұруына бірнеше себеп бар. Егер олармен танысып, күресу жолын білгің келсе, постты соңына дейін оқы 👇

Беттің майлануына май бездері әсер етеді. Олар шамадан тыс бөлінгендіктен, бет жылтырап тұрады. Май бездері Т зонасында өте көп мөлшерде кездеседі. Соның салдарынан маңдай, мұрын және иек тұстарымыз жиі майланады. Оған қоса, беттің майлануына дұрыс емес тамақтану, гормоналды дисбаланс, дұрыс емес күтім әсер етеді. Тері тіптен стресстен де майлануы мүмкін. Адам қанында адреланин гормоны көбейгенде де бет майлы бола түседі🙌🏻

Майлы беттегі жылтырмен күтім арқылы күресуге болады. Мына кеңестерге құлақ түріңіз:

💓
Майлы терімен күресте тамақтануға көңіл бөлу керек. Сондықтан майлы тағамдардан, консерванттардан және тәттіден бас тарту керек. Оған қоса, күнделікті қолданып жүрген тұз мөлшерін де азайтқан дұрыс.

💓 Су ішіңіз. Күніне 1-1.5 литр су ішу май безінің бөлінуін ретке келдіреді.

💓 3 этапты күтімді қолға алыңыз: тазарту, тоник, ылғалдандыру. Көп қыздар майлы бетке крем жақпайды. Бұл өте үлкен қате. Кез келген бет терісіне крем жағу керек. Бірақ ылғалдандырудан бұрын жасалатын 2 этап туралы да ұмытпаңыз.


Сұлуларым, постым пайдалы болса, төменге + қалдыруды ұмытпаймыз👇💗

Ал, сіздің бет теріңіз қандай?