Найти в Дзене
Fatima Ashirova

Парникті эффект (жылу эффекті).

Анықтама: Жанғыш қазбаларды өртеу және басқа да өнеркәсіптік процестер әсерінен бөлініп, атмосферада жинақталатын көмір қышқыл газ (С02 ), көмірсутектер, яғни, метан (СН4), этан (С2Н6) және т.б. (жоғары концентрациясы болмаса бұл заттар жекелей аса қауіпті емес) газдары парникті эффектінің пайда болуына алып келеді.
Басты сұрақ?
1.Атмосфераға әсер
2.Гидросфераға әсер

Анықтама: Жанғыш қазбаларды өртеу және басқа да өнеркәсіптік процестер әсерінен бөлініп, атмосферада жинақталатын көмір қышқыл газ (С02 ), көмірсутектер, яғни, метан (СН4), этан (С2Н6) және т.б. (жоғары концентрациясы болмаса бұл заттар жекелей аса қауіпті емес) газдары парникті эффектінің пайда болуына алып келеді.

Басты сұрақ?

1.Атмосфераға әсер

2.Гидросфераға әсер

3.Литосфераға әсер

4.Биосфераға әсер

1.Атмосфераға әсері

Парниктік газдардың басты алты түрі бар, олар: су буы, көмірқышқыл газы, метан, азот тотығы, озон және хлорфторкөмірсутектер. Осы парник газдарының әсерінен озон қабаты жұқ аруда.Озон қабаты оттегінің бір түрі озоннан тұрады. Бұл қабат Жерді Күннен шығатын зиянды ультрокүлігін сәулелері нен қорғайды.Ол ультрокүлгін сәулелерін 97-99 %-ын өзіне сіңіріп алады. Зиянды ультрокүгін сәулелері тері ісігін,шелдерді тудырады. Егін түсіміне және суға зиянды әсерін тигізеді. .

2.Гидросфераға әсер

Бұл өз кезегінде климаттың ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік мұхиттың орташа деңгейінің көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына және басқа да жағымсыз жағдайларға алып келеді.

3.Литосфераға әсер

климаттың өзгеруі, жылу толқындарының жиі болуы, теңіз деңгейінің көтерілуі, мұздықтардың еруі, тасқындар, құрғақшылықтар мен дақылдардың шықпай қалуы секілді табиғи зардаптар.

4.Биосфераға әсер

жылу толқындарының жиі болуы, теңіз деңгейінің көтерілуі, дақылдардың шықпай қалуы , көптеген жердің су астында қалуы бұл факторлар адам өміріне тигізетін кері әсері өте көп.

Мәліметтер бойынша келесі ғасырдың басына дейін Жер бетінің температурасы 1,4°С-қа көтеріледі. 1997 ж. Киото хаттамасына сәйкес, өнеркәсібі дамыған елдер 2008-2012 жылдары 1990 жылмен салыстырғанда парникті газдардың атмосфераға бөлінуін 55%-ға дейін азайту керек. Алайда бұл хаттаманың шешімдері әлі күнге дейін күшіне енген жоқ. Өйткені дамыған елдер бұл шешімнің дұрыстығына күмәнмен қарауда. 2000 жылы Гаага қаласында өткен конференцияда әрбір индустриалды елде зиянды заттарды атмосфераға бөлуді азайтудың ұлттық саясаты жүргізілу керектігі туралы шешім қабылданды. Өкінішке орай, көптеген елдер көміртегінің атмосферадағы азаюын ормандар мен топырақтың сіңіруінен емес өздерінің іс-әрекеттері арқасында деп көрсеткісі келеді. Қазақстан да 2006 жылға дейін 2008-2012 жылдар аралығында парникті газдарды атмосфераға шығаруды азайту бойынша міндеттеме алып, анықталуы керек еді. Бірақ іс жүзінде бұл мәселе тек қағаз жүзінде қалып отыр.

Қазіргі кезде озон тесігі тіпті Антарктиканың үстінде де қалыптасты. Ғалымдардың болжауынша, егер парниктік газдар шығарылуын тоқтатса, елу жыл ішінде озон қабаты қайта қалпына келеді. Алайда, бүгінгі таңда бұлай болуы екіталай

Шешу жолдары

Қазіргі кезең адамының ерекше биосфералық қызметі — биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықтальш отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттың, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағ-дарыссыз дамиды.

Барлығы адамға байланысты. . .