Тапсырма:
1. Адамзаттың қоршаған ортаға теріс әсері
2. Мәселе бойынша ақпарат ұсыныңыз
3. Мәселенің туындаған себебін көрсетіңіз
4. Мәселенің адам тіршілігі үшін тигізетін әсеріне тоқталыңыз
1.Қазақстан Республикасының орман қорының ауданы 24,3 млн. га, оның ішінде бұл жерлердің 50%-ынан астамы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының пайдалануына берілген. Республикада жыл сайын 506 мың м2 ағаш сүрегі, 94 мың м2 кеспе ағаш материалдары, 170-тей дәрі-дәрмектік шикізат дайындалады. Дегенмен соңғы кезде ормандардағы ағаштарды жаппай кесу, өрт, ауа райының қолайсыз жағдайларынан (қатты жел соғу, ұзақ уақыт жауған нөсер жаңбыр, т.б.) ағаштардың құлап өз тіршілігін жоюы жиі кездеседі. Соның нәтижесінде орман алқаптары азаюда. Ал ормандарды қалпына келтіру, орман алқаптарын ұлғайту жұмыстары қарқынды қолға алынбай отыр.[1]
Адамзаттан келетін теріс әсер: ағаштарды себепсіз кесу, тау араларындағы маевка, ормандардағы өрт және т.б
2.Елімізде қағаз бен қағаз өнімдерінің ішінде ең көп өндірілетіні – қорап, жәшік пен сөмке. Қаңтар-қыркүйек айларында осындай 68,3 мың тонна өнім өндірілді, өнеркәсіп өндірісі индексі – 100,9%. Биыл қағаз бен картон өндіру көлемі айтарлықтай артқан: 32,7 мың тонна, өнеркәсіп өндірісі индексі – 188,7%. Биыл дәретхана қағазы өндірісі де артты: 24,5 мың тонна, өнеркәсіп өндірісі индексі – 115,4%. Сонымен бірге 4,3 мың тонна қол сүртетін қағаз, 3,7 мың тонна косметикалық қағаз майлық шығарылған.
Қағаз бен қағаз өнімдерін өндіру жөнінен Алматы екінші орында тұр: 12,7 миллиард теңге, өнім өндіру бір жылда 4,8% артқан. Қағаз бен қағаз өнімдерін “Карина Трейдинг”, “Компания В”, Almapack Co LTD серіктестіктері өндіреді
Қазіргі заманда қағазды қарағай немесе емен ағаштарынан жасау көп белең алған. Фабрикаға осы ағаштарды кесіп әкелген соң, оларды сыртқы қабықтарынан тазартып, қырады.
Содан соң, арнайы үгіткіш машина арқылы өңделген діңдерді үгітіп, ұсақтайды. Діңдер керекті деңгейде үгітілген соң, оны електен өткізіп, көлеміне қарай үгінділерді бөледі. Осылайша өңделген шикізатты арнайы қазанға салып, қайнатады. Қайнау үстінде қазанға арнайы қышқыл қосылуы керек.
Пайда болған ақшыл ботқаны арнайы машиналар арқылы лента күйіне түсіреді. Осылайша бірнеше рет өңделіп пайда болған лента таспаларға оралып, оларды қиып, дәптер күйіне түсіру үшін типографияға жібереді.
Қағаздар типографияда арнайы қайшылар арқылы қиылып, бізге жол тартады.
Ең қызығы, осының барлығы электрондық байланыс арқылы келсе, жыл сайын 150 мың ағашты сақтап қалуға мүмкіндік бар екен. Егер бір тоннадан астам қағаз қалдықтарын қайта өңдеуден өткізетін болса, 17 ағашты аман алып қалады екенбіз. Жалпы қағазды тиімді пайдалану жағына келсек, әр елдің тұтынуы әртүрлі. Мысалы, Қытай мен Үндістанда оны көп пайдаланады. Орташа есеппен алғанда, әрбір еуропалық жыл сайын 4 тонна қағаз тұтынады,ал австралиялыққа қажеттілігі-130 келі ғана екен. Ал британдық отбасы жыл сайын кесілетін 6 ағаштан жасалатын қағаз қалдықтарын далаға тастайтын көрінеді.
Мәселені шешу жолдары( менің ұсынысым )
1. Қағаздардың орныны электронды форматты қолдану
2. Ағаш отырғызу ярмаркаларын өткізу
3. Табиғатты дурыс бағытты қолдану
Барлығымыздың жасаған іс-әрекетіміз кішкентай әрекеттерден басталған сондықтан жай ғана қоқысты жерге тастамаудан бастайық себебі сол бір қоқыс біздің планетамыздың 1% қоқыстан тазаруыны көмек.