Алақаныңызды абайлап қызған тасқа қойыңыз. Оның соғысын табыңыз. Жер жүрегінің қалай соғатынын тыңдаңыз. Шар тәрізді тастардың барлық жамандықты - ауырсынуды, ренішті, тітіркенуді, ашуды, көз жасын қалай өзіне тартып алатынын сезініңіз. Жылуға жақындай түсіңіз. Қимылдамаңыз. Миллиондаған жылдар бойы жинақталған күш пен қуатты өзіңізге сіңіре түсіңіз. Қайта оралу үшін қайтыңыз.
Қайта-қайта келіп тұрыңыз. Қазақстанның ең таңғажайып жерлерінің бірінде – жүздеген тас тәріздес шарлармен көмкерілген Торыш шатқалында өзіңді біле және тани түс. Үлкен, тіпті зор денелі әлдебіреу алыптардың боулингіне арналған шарларды себеттен шашып тастаған сияқты. Олардың кейбіреулері жерге түсіп, өз құпиясын – уақыт аясын аша түсіп, шытынады. Кейбірі миллиондаған жылдардан кейін пішінінің тегістігімен таңқалдыру үшін аман қалды. Тас шарды тиіп қалсаң, ол аңғар беткейімен домалай жөнелетін секілді. Өзінің алып ағаларының жүйесінде жаңа орын алу үшін…
Ерекше дүние қиялыңды шарықтата отырып, әрқашан өзіне тартады. Ал егер феномен шешілмеген жұмбақ болса (бұл бір қадам жердегідей дерлік қол жетімділікте!), содан кейін бірден жолға шығамыз! Бастысы - республикамыздың ең батысында орналасқан сүйкімді теңіз жағалауындағы Ақтау қаласына жету, одан әрі сиқырлы жер қол жетім жерде. Ақтау мен Шарлы алқаптың арасындағы қашықтық шамамен 110 шақырым болады.
Жолдың аты жол – айнала ұшы-қиыры жоқ иен дала. Шамамен жолдың 90-шақырымында саяхатшыларды кез келген жолаушыға шұбат ұсынатын қонақжай Шетпе ауылы қарсы алады. Сол жердегі үш жатаған дүкен мен долбарлап жасалған дүкеншеден тұратын импровизацияланған кемпингтен бәліш жеп, ауызсу алуға болады.
Одан әрі қарай су да, көлеңке де, адамдар да кездеспейді. Шөлді жазыққа асфальтталған жолдың бойымен өркештерін паң әрі баяу алып жүретін түйелер ғана көрік береді.
Ақтау қаласынан 100 шақырымдық жолды өткенде, көлік терезесінен көрінетін пейзаж таң қалдыра бастайды. Әуелде сирек, барған сайын жиірек кездесетін шар тәрізді тастар бірде жол бойымен тұтас сүрлеумен, бірде маңайдағы жартастардың жарылған дөңгелектерімен назарыңды аударады. Бірақ машина ұсақ борпылдақ шаңға батып бара жататын бірқалыпты әрі тегіс шатқалға кірген бойда шарлар тұтас алқап-алқап болып көрінеді: мұнда мінсіз дөңгелек пішіндер де, жұмыртқа тәрізділер де және цилиндрлер – БҰН-мен (НЛО) бірдей! Шіліңгір аптап пен қатты аяз, үздіксіз жел мен өткінші жауын таңқаларлық жарықтарды - тас әжімдерін тормен ұсақтайды, жаңқалайды, жабады. Ең үлкендері - диаметрі шамамен үш метр, кішкентайлары алақанға сыйып кетеді. Шарлардың арасында кесірткелер зуылдап жүгіріп жүреді, айналасындағы жер шөл кеміргіштерінің індерімен тесілген, алып тастардың көлеңкесінде сораңдар – қалың жапырақты бұталар, ылғал сақтаушылар өсуге тырысады.
Өлі тыныштық. Сыбдырлаған желмен қозғалатын ауаның тас шардың бүйіріне қалай соғатынын естігендей боласыз.
Шар тәрізді тастар сізді жан-жақтан қоршап алады. Оларға машинадан қарауға болмайды. Олардың әрқайсысына бейтаныс адам сияқты көзіңді қадап, аралап жүріп қарау керек. Бұл аңғардағы тастардың шашылуы іспеттес. Бірде шарлар көп, бірде аз кездеседі. Топтасады және дараланады, олар аспанмен тегіс қосылған тұста топырлап, жерді көкжиекке дейін алып жатады. Торышты күзетіп тұрғандай, олар аспан аясынан сырғи жылжитын және адам төзгісіз ыстықты шашырататын күннен қорғайды. Мұқият қарап отырып, сіз керемет пейзаж хаосында айқын құрылым бар екенін түсінесіз.
Бұл дұрыстық, тәртіп пен жүйе сезімі шаттанған туристерді ғана баурамайды. Көптеген ғалымдардың Торышты әрбір шар текті тас жұлдыздар мен планеталар болған ежелгі обсерватория деп санайтыны бекер емес. Ғарыштың тұтас шоқжұлдызын жинақтайтын алып пазлдар. Тек бұл не?
Шар тәрізді тастардың конкреция деп аталатын вулкандық шығу тарихы жайлы; бұрқыранған және қайнаған жер кезеңі туралы, өзінің гүрілдеген қойнауынан «түкіріп тастаған» аса үлкен шарлы найзағайлар туралы барынша ғылыми нұсқа бар. Терең жер астындағы бір жерлерде нағыз найзағай құтырынды. Электр разрядтары жер бетіне шығу үшін тектоникалық ақаулар арналарының бойымен жүгірді. Керемет қуат қалдықтары тас алыптарына айналды.
Тағы бір гипотеза планетаның өзінің «інжу-маржанын» қалай өсіргенін таныстыруды ұсынады: қабықтар құммен өсіп, ғасырлар бойы ежелгі Тетис мұхитының суымен жуылды, содан кейін жағаға лақтырылғандары толқындармен, желмен өңделе түсті. Мыңжылдықтар артынан мыңжылдықтар өтті. Бұған дәлел ретінде ғалымдар олардың ішінен миллиондаған жылдар бұрын жойылып кеткен аммониттердің қабықтарын – қозғалыссыз қалған моллюскаларды табуға болатын шар тастарының ядроларын келтіреді.
Батыл, әдемі, қызықты нұсқалар. Жұмбақты шамамен 250 жыл бойы шешіп келеді, жауабы әлі күнге дейін табылған жоқ. Дегенмен, ғажайып ұлылыққа сенгің келеді! Алып адамдардың тас шарларды қалай орналастырғанын, оларға түрпідей қолдарын тигізгенін; жер бетінде аспан картасын қалай құрастырғанын; ал содан кейін күн ұясына батар кезде шарлардың арасында отырып, аспанға ойлана қарағанын елестетіп көріңіз. Мүмкін, олар, зор денелі дана адамдар миллиондаған жылдар өткен кезде құпиялы алқапқа келген адамдарға қызып тұрған тасқа алақанын абайлап қоюға және Жер жүрегінің қалай соғатындығын естуге белгі берді ме екен?
Фото и материал: собственность OMG Kazakhstan.