Тіршіліктің өлшемін қасиетті Құран Кәрімде – күндізгі уақыт және түнгі уақыт деп екіге бөледі. Үшінші өлшем көрсетілмеген. Көп күннің ішінде сіздің өміріңізде ешбір елең еткізетін оқиғалар болмауы да мүмкін. Бірақ әйтеуір бір күні Алла басқа салмасын, үйіңіздің есігінен шыға бере не жерге тайып жығыласыз не болмаса масаң көршіңізбен ерегісіп, артынан төбелесіп қаласыз. Алысып-жұлысып жүргенде қалтаңыздан жеке бас құжаттарыңыз, ақшаларыңыз түсіп қалады. Қайтып келіп сол жерді іздегенде, ешнәрсе таппайсыз, оны әлдебіреу алып кеткен болып шығады. Көңіл-күйіңіз болмай жұмысқа келесіз. Түскі астың кезінде, таңертеңгі жайлар көңіліңізге кірбің салып, ішіп-жеген асыңыз бойыңызға сіңбей, күйгелектенесіз. Жаныңыздың қатты күйзелісінен дәрет қыштап, мазаңыз кетеді. Әрбір басқан қадамыңызды бағып отыратын бастығыңыз «пәленше, бүгін жұмысты нашар жасап, бізді шығынға ұшыраттың, бүгінгі жалақым жоқ деп есепте деп мойныңнан мұздай су құйғандай суық хабар айтады. Кеш болды, жұмыс аяқталды. Далаға шықсаңыз, жаңбыр жауып тұр екен. Көшеде жаңбыр астында отырған қайыршыны көрсеңіз де, қалтаңызда артық тиын-тебен болса да, әлгі бейбақты көрмеген болып жанынан өтіп кетесіз. Үйіңізге келген бойы тамаққа тәбетіңіз болмай, көңіліңіз құрысып, төсегіңізге құлай кетесіз. Қырсыққанда ұйқыңыз келмей дөңбекшумен боласыз. Тым болмаса жақсы ұйықтап, түнде жақсы түс көрсем екен дейсіз. Бірақ ұйқыңыз келмей, уайым-қайғыңыз арта түседі. Сөйтіп жатып бір кезде көзіңіз ілініп кетеді. Бірақ түнде де, таңда да жаман түстер көріп, соңғы түсіңізден тіпті шошып оянып кетесіз. Осының бәрі бір күнде болмаса да, өміріңізде осындай сәттер болғанын білу үшін балгер болудың қажеті жоқ. Осы келеңсіз жайлардың бәрі көбінесе сіз – намаз оқымағандықтан, ешқашан ораза тұтпағандықтан, тым болмаса жұмасына бір рет жамағатпен бірге жұма намазын оқымағандықтан болады. Бұл жамандықтар болмасын десеңіз, мына сайтта жарияланған қасиетті дұғаларды оқып жүріңіз: https://www.oinet.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=5&id=15725
431-ші Қара пайым-сөз: Тіршілікті түсіну қиын, онда ешбір логика да, алгоритм де жоқ, бірақ бір амал бар...
15 января 202115 янв 2021
1 мин