Соңғы 15 жыл ішінде СҚО-да 104 елді мекен жойылған. Бүгінгі күннің өзінде өңірде тұрғындар саны 50 адамға да жетпейтін ондаған ауыл бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Күні кеше өңірге ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков келіп кетті. Шенеунік ең алдымен Қызылжар ауданына қарасты Новоникольское ауылына барды. «Зенченко и К» КС арқасында елді мекен дамып келеді. Бірақ аймақтағы барлық бірдей ауылдардың жағдайы мәз емес. Облысымызда соңғы 15 жыл ішінде 104 елді мекен таратылған. Бұл туралы министрлік өкілдерімен өткен жиын барысында айтылды. «Елдегі ауылдардың 50,6%-ында жолдарды күрделі жөндеуден өткізу керек. Елді мекендердің 65,5%-ында ғана тіршілік көзі қолжетімді. Бұл бағыттағы жұмыстар СҚО, Қостанай және Ақмола облыстарында ақсап тұр. Арнайы талдау барысында ауылдағы ағайынның еңбекақысы төмен екендігі де анықталды. Жан басына шаққанда көрсеткіш 42 мың теңгені құрайды», – деді ҚР ҰЭМ өңірлік даму департаменті директорының орынбасары Нұрлан Мақсұтов. Одан б
СҚО-да соңғы 15 жыл ішінде 100-ден астам елді мекен жойылды
1 февраля 20231 фев 2023
1 мин