СҚО-да аң деп жидек теріп жүрген әйелді өлтірген Сергей Лосеняға сот үкім шығарды. Зейнеткер 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Аталған оқиға шілде айында Жамбыл ауданының Бауман ауылында орын алған болатын. Жидек теруге шыққан Алтынай Мұздақбаеваны ауылдасы аң екен деп атып өлтірген. Абайсызда әйелді атып алған 65 жасар Сергей Лосеняға қатысты істі сот жарты жылға жуық уақыт бойы қарады. Сот отырысы барысында айыпталуышының қаруды заңсыз сатып алып, сақтағандығы да анықталды. Прокурорлар зейнеткерді 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда судья оның өз кінәсін толық мойындағандығын ескеріп, бұл мерзімді бір жылға кемітті. «Сергей Лосеняның кінәсі толығымен дәлелденді. Сондықтан ол алдағы 3 жылын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өткізетін болады. Сондай-ақ, Сергей Лосеня жәбірленуші тарапқа моральдық шығын ретінде 3 млн теңге төлеуі тиіс»,-деді Мамлют аудандық сотының судьясы Азамат Дүйсенов. Айта кет
Аң деп әйелді атып өлтірген солтүстікқазақстандыққа сот үкім шығарды
31 января 202331 янв 2023
~1 мин