Өңірдегі «Регион 715» ЖШС «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына қатысуды жоспарлап отыр. Кәсіпорын жасайтын корпустық жиһаздар қазірдің өзінде үлкен сұранысқа ие, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. «Регион 715» серіктестігі балабақша, мектеп және жоғары оқу орындары үшін корпустық жиһаз әзірлейді. Былтыр Қазақстанның барлық өңіріне өз өнімдерін саудалаған. Нәтижесінде 2 мыңнан астам арнайы кабинет жабдықталған. Олардың ішінде STEM-зертханалар, физика, химия, биология кабинеттері мен асханалар және киімжайлар бар. Болашақта компания «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына қатысуды жоспарлап отыр. «»Жайлы мектеп» ұлттық жобасына дайындалып жатырмыз. Қазір шикізат қорын молайтудамыз. Жаңадан қондырғылар алдық. Жақында Италиядан тағы бір құрылғы жеткізіледі. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесіп, әңгімелестік. Жобаға міндетті түрде қатысамыз»,- дейді «Регион 715» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Александра Русина. 2023-2025 жылдар аралығында Қазақстанда «Жайлы мектеп» ұлттық
Солтүстікқазақстандық кәсіпорын «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына қатыспақ
31 января 202331 янв 2023
1 мин