Найти тему
Qazaqstan Media

СҚО-да шенеуніктер салынбаған жолды қабылдап, қаржысын қалталарына басқан

Солтүстік Қазақстан облысында шенеуніктер «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына деп бөлінген қаржыны жымқырған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

ҚР Қаржы мониторингі агенттігі өкілдерінің хабарлауынша, шенеуніктер жол төсемі болмаса да, пайдалануға беру туралы құжаттарға қол қойып жіберген. Нәтижесінде, жоспарланған 53,5 шақырым жолдың 27 шақырымында жұмыстар жасалмаған болып шықты. Келтірілген шығын көлемі шамамен 450 миллион теңгені құрады.

«Ғ.Мүсірепов ауданында жол салу кезінде қаржыны жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп, ұрлыққа қатысы бар тұлғалар анықталды. Іс сотқа жіберілді»,-деп хабарлайды агенттік өкілдері.