Найти тему
Qazaqstan Media

VI жазғы Спартакиадада теріскейлік палуандар екінші медалді қоржынға салды

Қазақстан Республикасының VI жазғы спартакиадасында солтүстікқазақстандық палуандар екінші медалді қоржынға салды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Осы күндері Алматы қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының VI жазғы спартакиадасы өтіп жатыр. Төрт жылда бір жалауын желбірететін жарыстың алғашқы күні он сегіз жастағы теріскейлік палуан Ислам Евлоев алтыннан алқа тағынды. Ол сексен екі келі салмақ дәрежесінде топ жарды. Ал бүгін сексен жеті келі салмақ дәрежесінде өңір намысын қорғаған Бауыржан Мусин қоланы қанағат тұтты. Күрес түрлерінен Спартакиада сегізші ақпанда аяқталады. Дүбірлі дода үш қала мен он жеті облыстан келген алты жүз елуге тарта спортшының басын қосқанын айта кеткен жөн.