СҚО-да 5 күн ішінде 24 жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды. Олардың барлығы темір тұлпарды мас күйінде тізгіндеген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. Өңір полицейлері 13-17 қаңтар аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Тәртіп сақшылары Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында құжаттарын тексеру мақсатымен «Mazda» автокөлігін тоқтатты. Машинаны басқарып келе жатқан 20 жастағы жергілікті тұрғыннан алкогольдің иісі білінбесе де, оның іс-қимылы күмән тудырған. Полицейлер оған медициналық тексеруден өтуді ұсынады. Нәтижесінде, жігіт есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша хаттама толтырылып, ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Тағы солтүстікқазақстандық 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады. «СҚО жолдарындағы апаттылыққа жасалған талдау 2022 жылы мас жүргізушілердің кінәсінен жасалған жол-көлік оқиғаларының саны 2021 жылмен салыстырғанда 20 %-ға азайғаны
5 күнде 24 солтүстікқазақстан жүргізуші куәлігінен айырылды
19 января 202319 янв 2023
1 мин