Шымкент қаласында қар тоқтаусыз жауып, құтқару қызметтері мен коммуналды қызметтерге аса ауыр жүк болды. Қазіргі таңда, қала ішіндегі және қала аумығындағы көшелерді, жолдарды және аялдамаларды қарқынды түрде қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде. Ал “Yandex Погода” дереккөздеріне сүйенетін болсақ, бүгін түнде тағы да қар жауады деп болжануда. Коммуналды қызметтердің мәліметтері бойынша қар тазалау жұмыстарына 1140 адам және 162 техника бөлінген болатын. Оның ішінде ЖШС “Build Stroi” серіктестігінен 98 техника, ЖШС “Жасыл Жер” серіктестігінен 64 техника берілген. Күннің суығына қарамастан, қазір әр аудан өзіне тиесілі аумақтарды қардан тазалау жұмыстарын үздіксіз атқаруда. Қала жолдарында көктайғақты болдырмау мақсатында жолдарға инертті материалдар себілуде (құм, тұз, гранит және мәрмәр қоқымдары). Әл-Фараби ауданы басшыларының айтуы бойынша, қазіргі таңда аудан көлемінде тайғаққа қарсы себілетін инертті заттар қоры жеткілікті. Аязды күндері электр қуаты және жылу желілерінде ақау ту