Найти в Дзене
Qazaqstan Media

Астана мен 5 өңірде пайдалануға берілген баспана саны азайды

Астана мен өзге 5 өңірде жаңа салынған баспананы пайдалануға беру көлемі азайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Тұрғын үйлерді пайдалануға берудің өсімі республиканың 14 өңірінде байқалды. Өсу қарқыны бойынша Павлодар (32,1%), Шығыс Қазақстан (15,4%) және Жетісу облыстары (8,8%) көш бастап тұр. Бұл ретте пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің төмендеуі Ұлытау (29,6%), Маңғыстау (15,1%), Солтүстік Қазақстан (13,1%) және Атырау (7,8%) облыстарында, сондай-ақ Астана (24,7%) мен Алматы (34,6%) қалаларында байқалды», – делінген статистика мәліметінде.

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда пайдалануға берілген баспаналардың жалпы алаңы 8,8% азайды. Атап айтқанда, көппәтерлі 1 540 үй қолданысқа берілді, бұл 2021 жылғы көлемнің – 91,5%. Пайдалануға берілген жеке үйлер саны – 36 365, бұл былтырғы көлемнің – 92,6%. Былтырғы қаңтар-желтоқсан айлары аралығында тұрғын үйлердің жалпы алаңының бір шаршы метр құрылысына жұмсалған нақты орташа шығын 12,2% өсті.