Жылқы бағу – ата кәсіп. Сондықтан малдың бұл түрін күтіп-баптаудан қазақ жан салмаған. Қазір де солай. Десе де, бұл кәсіпке енді ғана бет бұрған жастар үшін жылқы шаруашылығында есте ұстайтын басты дүниелер де жоқ емес. Соның бірі – жылқы малының негізгі аурулары, олардың белгілері мен алдын алу шаралары. Бұл тақырыпты аша түсу үшін өмірінің біраз бөлігін мал емдеу ісіне арнаған, ардагер ветеринар Нүсіпәлі Тоқтасынұлына жүгіндік. Мал дәрігерінің айтуынша, жылқыларда кездесетін ауруларды жұқпалы, жұқпалы емес және құрт аурулары деп қарастыруға болады. Оның ішінде жұқпалы аурулардың жылқы үйірі үшін қауіптілігі жоғары. Себебі, кей аурулар салдарынан бір шаруашылық ондаған мал басынан айырылуы мүмкін. Сол үшін жұғатын жылқы дерттерінің белгілерін біліп жүру көптік етпейді, дейді маман. Жылқы ауруларының түрлері «Ринопневмония, сақау, пастереллез, сальмонеллез, су ауруы, маңқа – кең таралған жұқпалы жылқы аурулары. Бұл аурулардың алдын алу үшін арнайы екпелер егіледі. Зерттеулер жүргізілед
Маңқа, сақау, су ауруы: жылқының жұқпалы аурулары туралы не білесіз
16 января 202316 янв 2023
12
1 мин