Қаңтардың 8-і күні Астана-Петропавл тас жолының 236-ші шақырымында ірі жол-көлік апаты тіркелді. 9 көліктің қатысуымен болған апат петропавлдық азаматтың кесірен орын алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
ВАЗ 2109 автокөлігін басқарған Петропавл қаласының 34 жастағы тұрғыны ауа райы мен қауіпсіздік ережелерін ескермей, алдымен Chevrolet Cobalt, кейін Беларусь Республикасының 38 жастағы тұрғыны тізгіндеген Volvo автокөлігін қағып кеткен. Содан соң тағы 6 көлік соқтығысқан: Renault Sandero, Gazel, екі Toyota Camry, DaimlerChrysler және Toyota Prado.
Нәтижесінде 2 жүргізуші мен 7 жолаушы «Авиаценна Бурабай» ЖШС-не жеткізілді. Қазіргі таңда 6 жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша «Көлік құралдарының жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарына немесе өзге де мүлікке зиян келтіруге әкеп соққан Жол жүрісі ережелерін бұзуы» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.