Найти тему
Qazaqstan Media

Елімізде грантқа ие болғандардың барлығы бірдей шәкіртақы алмауы мүмкін

Алдағы уақытта грант иегері атанғандардың барлығы шәкіртақы алмауы мүмкін. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек білім гранттарын бөлудің жаңа механизмін таныстырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оған сәйкес түлектер ҰБТ-да жинаған балына қарай оқу ақысына жеңілдік алады. Министрлік ұсынысына қарай гранттарды үш санатқа бөлген. Біріншісі, «Қамқор» деп аталады. Мұнда ҰБТ-да 50-ден 74 балға дейін жинағандар өтініш бере алады. Сәйкесінше, түлек оқу ақысына 30-дан 50%-ға дейінгі жеңілдік алады. Келесі «Негізгі» пакет. Мұнда 74- 120 балға дейінгілер өтініш қалдыра алады. Оқу ақысының 100% мемлекет тарапынан төленеді. Тестілеуден 120 балл жинаған түлектерге жоғары «Дарын» гранты берілмек. Дегенмен бұл грантты ұтуға тек қана ҰБТ балы емес, сонымен қатар республикалық, халықаралық олимпиадалар мен жарыстардағы жетістіктері ескерілетін болады.