Найти в Дзене
Qazaqstan Media

Бөлінген қаржыны игерме алмаған әкімдіктер тізімі жарияланды

Өткен жылы әкімдіктерге 3 трлн теңгеге жуық трансферттер бөлінген. Бірақ қаржының 220 миллиард теңгесі сол күйі игерілмеген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

2022 жылы еліміздің қалалары мен облыс әкімдіктеріне 2,9 трлн теңге мақсатты трансферт бөлініп, барлық қаражаттың 92,5%-ы ғана игерілді. Ал игерілмеген сома – 220,6 млрд теңгені құрады. Әрине, кейбірі бұл санға аса мән бермеуі де мүмкін, бірақ бұл қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған өте қомақты қаржы. Өңірлер арасында мақсатты трансферттерді игеру бойынша көшбасшылар Қызылорда және Қостанай облыстары болды: тиісінше 99,2% және 99%. Үздік үштікке республикалық маңызы бар Шымкент қаласы да енді: орындалу 98,6%. Аталған тізімде СҚО 5-ші орынға жайғасқан. Бюджет қаржысын игеру аймақта 96,3 % құрады. Ал Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары жылды нашар көрсеткішпен аяқтаған. Оларда қаржыны игеру сәйкесінше 83,7% және 84,2%. Еліміздің бас қаласы Астана рейтингтің анти-көшбасшысы болды: мұнда мақсатты трансферттердің орындалуы небәрі 68%-ды құрады. Орындалмаған сома – 61,2 млрд теңгеге жетті, оның 879,4 млн теңгесі үнемдеу болса, бірден 60,3 млрд теңге игерілмеген.