12 қаңтардан бастап елімізде шетелден әкелінген көліктерді сақтандыруға тыйым салынады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі Kolesa.kz сайтына сілтеме жасап. «Енді ел тұрғындары басқа мемлекетте тіркелген автомобильді сақтандыру полисі арқылы жүргізе алмайды. Бірақ 12 қаңтарға дейін рәсімделген полистер мерзімі аяқталғанша жарамды болады. Президент Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енетін өзгерістер мен толықтырулар туралы заңға қол қойды. Ол биыл 12 қаңтарда күшіне енеді. Оның ішінде көлік иелерін міндетті сақтандыру және «Жол жүрісі туралы» заңдарға енген өзгерістер де бар», – деп жазады портал. Яғни енді шетел азаматы немесе біздің елде азаматтығы жоқ адам жүргізетін, Қазақстаннан тыс жерде тұратын тұлғаға тиесілі, елімізде тіркелмеген және уақытша кірген автомобиль халықаралық қозғалыстағы көлік деп танылатын болады. Мұндай машина біздің елде бір жылға дейін еркін жүре алады. Кейін 30 күнге елден шығарылып, қайта кіргізуге болады. Сөйтіп, 2023 жылдың 12 қаңт