Кеңес Үкіметі - өткен ғасырдың алып державасы. Десек те, бодандыққа шыдамаған бірқатар елдің ішінде ең алғаш толқуды қазақ халқы бастағанын жақсы білеміз. Оның бірнеше себебі бар, соның бірі басшылыққа Колбиннің келуі. Қазақ КСР-ын үш жыл басқарған ол өмірінің соңында халық алдында абыройсыз болғанын бірі білсе, бірі білмейді. Қазақ КСР компартиясының орталық комитетіне 1986 жылдың 16 желтоқсаны мен 1989 жылдың 22 маусымы аралығында хатшылық еткен Геннадий Колбиннің есімі елдің есінде жақсы істермен қалмағаны анық. Ал оның өлімі тіптен аянышты. Қазақстанды 2,5 жыл басқарған Колбиннің соңғы қызметі — КСРО Халықтық бақылау комитетінің төрағасы. Арада бір жыл өткенде яғни 1990 жылы зейнетке шықты. 73online.ru порталының жазуынша, зейнетке шыққан соң, ол Мәскеудің қақ ортасынан екі кең пәтер алып үлгерген. Оның біреуінде өзі тұрса, екіншісін қызына берген. Зейнеткер Колбин уақытының көп бөлігін пәтерінде өткізіпті. Көшеге аз шығатын болған. Тіпті, газет-журнал оқуды азайтқан. Көршілерімен