Төрт түліктің бірі – қой қазақ үшін ата-баба кәсібі. Сондықтан қой шаруашылығына ден қойған қазақстандық шаруалар көп жағдайда ғасырлар бойы жинақталған тәжірибелік ілімге көп сүйенеді. Десе де бүгінде қой шаруашылығына қатысты, қойларды күтіп, бағу, өсіру, төлдету, түрлі аурудың алдын алу, олардың етті-сүтті бағыттағы тұқымдарын жетілдіру мәселелері зерттеуде ғылым да кенде емес. Бұл ретте agroqogam.kz оқырмандарына қой малына қатысты ғылыми негізделген ақпарат беру үшін отандық ғалымдардың әдебиетін қазақ тіліне аударып шыққан болатын. Осы ретте «Қой шаруашылығы» кітаптың ең құнды деген тұстарын назарға ұсынамыз.
Кітап авторлары қазақ еліндегі қой тұқымдарын жетілдіруге, жаңа қой тұқымдарын шығаруға үлес қосқан, Қазақстан аумағындағы қой шаруашылығын дамытуға ғылыми негізде еңбек сіңірген Мырзабеков Сұлтан Шайымұлы мен ресей ғалымы Ерохин Александрдың бірлескен еңбегі.
Кітаптағы ақпаратты негізге ала отырып, қойларды бағу, азықтандыру, олардың биологиялық және өнімдік ерекшеліктері,