... Дегенмен, әлі де көп орыстың тілін, тегі, бір кереметтей көретіндер. Әлгі орысшаға шамасы келсе де, келмесе де аузын қисайтып өзінше тыраштанып жататындарды айтам. Иә, рас, кезінде қилы-қилы заман болды. Ол кезде қазақ болу жаман болды. Өнегелілердің, зиялылардың қатарынан болғың келсе орысша сөйлеуге, орысша ойлауға талпыну керек болды. Орыстың тілін бізге прогрестың тілі, Пушкин мен Достоевскидың тілі деп үйретті. Соған иман келтіруге міндетті болдық.
Шынымен де солай ма еді? Шынымен де орыстың тілі керемет пе еді? Жоқ, әрине! Ол тек орыстың біздерді қалай да болса өз дініне кіргізу саясаты болатын! Қазақты орыстандырып, өзіне сіңіріп, ұлттық сананы түбегейлі құрту мақсатындағы атқарылған орасан зор жүмыс болатын! Қазақты денацификациялау пропагандасы болатын! Әйтпесе орысыңның тілі қазақтың тілінің жанында әдірәм қалсын!
Амал қанша, кезіндегі құл орыстың тасуына, қазақтың жаншылуына бір әрекет болса да қарсы тігерге біздің дәрменіміз болған жоқ! Өйткені оның бәрі заман теңсе