Бәріңе сәлем! Сіздермен бірге “Turan stories” бағдарламасы. Бүгінгі біздің қонақ – жас әнші Олжас Молдасан. Сұхбаттасқан: Садуахосова Айжан «Тұран»университеті Журналистика 4 курс студенті Жетекшісі: Рушанова Н.Б.
Бәріңе сәлем! Сіздермен бірге “Turan stories” бағдарламасы. Бүгінгі біздің қонақ – жас әнші Олжас Молдасан. Сұхбаттасқан: Садуахосова Айжан «Тұран»университеті Журналистика 4 курс студенті Жетекшісі: Рушанова Н.Б.
...Читать далее
Бәріңе сәлем! Сіздермен бірге “Turan stories” бағдарламасы. Бүгінгі біздің қонақ – жас әнші Олжас Молдасан.
- Олжас, сәлем, көңіл күйіңіз қалай?
- Сәлем. Бәрі жақсы, үлкен рахмет шақырғандарыңызға
- Аха. Алдымен біздің көрермендерге өзіңізді таныстыра кетсеңіз?
- Есімім Олжас, тегім Молдасан, жасым 19-да. Әншімін. Бар айтарым осы (жымиды)
- Ән айтумен қанша жасыңыздан бастап айналысасыз? Қызығушылық қалай басталды?
- Қызығушылық кішкентай кезімнен басталды. Себебі балалық шағымда теледидардан мультфильм емес, концерт көріп отыратынмын. Үйдегілермен таласып “Ән мен әнші”, “Шаншар” т.б концерттерді өткізбей қарап отырушы едім. Сол кезден басталды. Балабақшада бәрін отырғызып қойып, ән айтқызатын. Сол кезден басталды бәрі, негізі.
- Ал ән айтумен кәсіби түрде қанша жасыңыздан бастап айналыстыңыз?
- Мектеп бітірген соң өзімнің жеке студиямды ашып, алғашқы тректерімді жазып, солай салмақты түрде әнмен айналыстым.
- Қазірде репертуарыңызда қанша ән бар?
- Бүгінгі таңда репертуарымда 3 ән бар. Яғни, “Қайырлы түн”, “Қалай оңай?”, “Жылуым” деген 3 ән бар.
- Алғашқысы қай ән?
- “Қалай оңай?”
- Әндеріңіз қалай жазылады сіздің? Шабыт қалай келеді? Бірнеше ай, күн немесе сағат? Сол жайлы айта кетсеңіз?
- Әндерімнің пайда болуы ішкі көңіл күйіме байланысты жүреді. Мысалы ішкі көңіл күйіме ән сәйкес кеп тұрса, бір түнде жазып аяқтап тастауға болады. Негізі көп әнім түнде жазылады.
- Демек, шабыт көбінесе түнде келеді ғой?
- Аха (күлді)
- Айта кететін жайт, Олжас бүгін “Бас қосу” фестивалінде алғаш рет өнер көрсетеді. Жалпы, әсеріңіз қалай? Не күтесіз?
- Қобалжу мен қуаныш қатар тұр. Бірақ қобалжудың бәрі сахнаға шыққаннан кейін басылады деп үміттенемін.
- Ендеше сізге сәттілік тілейміз! Соңғы сұрағым, карьераңызда болашақта қандай жоспар бар?
- Осыған дейін шағын синглдар шығарған болатынмын. Енді бұйырса толыққанды бейнебаяндар түсірсек деп жоспарлап отырмын.
- Керемет! Сізге шығармашылық табыс тілеймін! Сұхбат үшін рахмет, сау болыңыз!
Сұхбаттасқан: Садуахосова Айжан
«Тұран»университеті Журналистика 4 курс студенті
Жетекшісі: Рушанова Н.Б.