Найти в Дзене
Qogam-media

Жалған статистиканы беретіндер жауапқа тартылмай, еш нәрсе өзгермейді

Бір топ мәжіліс депутаты елдегі ауыл шаруашылық саласындағы проблемаларды тізіп, үкімет басшысы Алихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдады. Олар  министрліктің ветеринария, субсидиялар үлестіру, астықтарын үлестіре алмаған диқандар мәселелеріне құлақ аспағанын айтып, наразылығын білдірді, деп хабарлайды Agroqogam.kz.

Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа жолданған хатқа 25 депутат қол қойған. Хатта олар еліміздің ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар өзекті проблемаларды қозғап, салаға деген көзқарасты түбегейлі өзгерту керектігін алға тартты. Олардың айтуынша, соңғы екі жылда осы салаға қатысты көптеген депутаттық сауал жолданғанымен, шаруалардың жанайқайы әлі күнге дейін тиісті деңгейде «естілмей» келеді.

«Қағаз жүзінде бәрі де қатып тұрғаны болмаса, айтарлықтай өзгерістерді қарапайым адамдар сезініп отырған жоқ. Біз бүгіндері өз міндетін орындауда  Ауыл шаруашылығы министрлігінің халық алдында қалай есеп беретініне қайран қаламыз. Себебін айтсақ, есіңіз шығады.

Мәселен, ветеринария жұмысында былық пен кемшіліктер шаш етектен. Жарты жыл бойы осы салаға жауапты комитет төрағасы мен вицеминистр тағайындалмады», – дейді олар.

Салдарынан 8 ай бойы егілетін вакцина дер кезінде қолға тимей, екпе малдарға бір айда жаппай салынған.
Продолжение у нас на сайте

#agroqogamkz #agro #agronews