Жасылелдіктер» – игі бастаманың жаршысы Жастар еңбек және құрылыс жасағының кезекті маусымы биыл да жалғасын тапты. Он сегізінші еңбек маусымын жалғастырған«жасылелдіктер» шаһарды көгалдандыру, құрылыс-жөндеу шараларына үлес қосу секілді жұмыстар атқарды. «Жасыл ел» қатарында еңбек етіп, жазғы демалыстарын тиімді өткізетін жастардың қатары да артып келеді. Қалаларымыздағы жоғары оқу орындарындағы«Жасыл ел» жобасы аясында жастарды өндірістік тәжірибеден өткізу, жұмыспен қамтамасыз ету дәстүрлі түрде жүзеге асырылып келеді. Жас студенті Әсел М. биыл екінші жыл қатарынан «Жасыл ел» қатарында еңбек етіп, табыс тапқанынайтты. – Менің болашақ мамандығым «құрылыс инженериясы» саласымен байланысты. «Жасыл ел» қатарында жұмыс жасай жүріп, өз мамандығым бойынша тәжірибе жинақтап келемін. Уақыт та қызықты өтеді. Жастарға арналған бұл бағдарламаның пайдасы мол. Жазғы уақытта еңбек етіп, қаражат жинақтап, ата-анама көмегімді тигізіп жүргеніме қуаныштымын, – дейді «Жасыл ел» сарбазы. Жастарды