Ғылыми мақала
Журналист дегеніміз кім?
Аннотация
Мақалада журналистиканың шығу тарихы, негізі қайдан пайда болғаны туралы мәліметтер берілген. Қазіргі қоғамдағы рөлі қаншалықты маңызды екендігі анықталған. Нағыз журналистте қандай қасиеттер болу керек туралы көзқарастар қарастырылған.
Аннотация
В статье представлена информация об истории журналистики, где она зародилась. Определено, насколько важна его роль в современном обществе. Есть мнения о том, какими качествами должен обладать настоящий журналист.
Annotation
The article provides information about the history of journalism, where it originated. It is determined how important its role is in modern society. There are views on what qualities a real journalist should have.
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі: Журналистика (нем. Жоұрналісмұс, фр. journalisme, ағылш. жоұрналісм) – 1) баспасөз, радио, теледидар, кино, интернет сияқты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және табиғи құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын әдеби-шығармашылық қызмет түрі; 2) белгілі бір халықтың нақты бір кезеңде шыққан газет-журналдарының жүйесі, оларда жарияланған материалдар жиынтығы; 3) баспасөз тарихын, теориясы мен практикасын зерттейтін ғылым саласы.Журналистика термині алғаш рет Францияда пайда болған. Ал Ресейде бұл термин әуелгі кезде журналдар жиынтығы деген мағынаны білдірсе, 19 ғасырдың ортасынан бастап барлық мерзімді басылымдарға қатысты қолданыла бастады. Қазақ тіліне журналистика термині орыс тілі арқылы еніп, 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап белсенді қолданысқа ие болды (қ. Қазақ журналистикасы.). 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында фотография мен кинематографияның пайда болуына байланысты фото және киножурналистика дүниеге келді (қ. Фотография, Деректі кино). 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап радиотехника жетістіктеріне байланысты радиожурналистика (қ. Радиохабар), 40-жылдарынан бастап тележурналистика қарқынды дами бастады (қ. Тележурналистика). 20 ғасырдың 90-жылдары ақпарат тарату көлемі мен шапшаңдығы жөнінен журналистиканың басқа салаларынан әлдеқайда басым түсетін бүкіләлемдік байланыс торабы – Интернет жүйесі пайда болды (қ. Интернет).
Журналист болуға 5 себеп
1.Журналистика-әлем елдерінің қызықты не болмаса жантүршігерлік жайттарын, түрлі жерлерге саяхат жасап, қоғам арасында қарым-қатынас жасаудың негізгі көзі іспеттес.Жан-жақтылыққа қалыптасып, ой деңгейіңізді көбейтесіз, жақсы мен жаманның парқын ажыратып, білім қорын жинайсыз.Бұл саланың ең басты ерекшелігі-ізденісте! Осы арқылы жеке көзқарасыңыз пайда болады, бұқаралық ақпарат құралдарының ең үздік маманы атанасыз!
2.Жақсы қамтылған мамандық өкілі боласыз.Жоғарғы оқу орнын бітірген соң лайықты жалақы аласыз.Егер керемет нәтиже көрсететін болсаңыз, практикалық тұрғыда өзіңізді шыңдап қана қоймай, биіктерден көрінесіз.
3.Жұмыспен қамтамасыз ету.Журналистика мамандығы бойынша оқу орнын тәмамдағаннан кейін тұрғылықты жұмыс көзін табу қиындық тудырмайды.Себебі, журналистер-төртінші билік өкілдері.
4.Журналист екеніңізді мақтан тұту.Журналисттік этика-журналист өмірінің көрінісі.Өкінішке орай, қазіргі таңда бұқара халық бұл мамандық иелеріне сенімділік танытпайды.Журналист маманының міндеті-қоғамдағы келеңсіз жайттарды ашу.
5.Қалауыңызға қарай кругозорыңызды кеңейте аласыз.Тәжірибелі мамандармен қарым-қатынас орнатар болсаңыз, шеберлігіңізді ғана емес, жеке тұлға ретіндегі қасиеттеріңізді дамытасыз.
Журналистте болу керек қасиеттер?
"Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл- жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе"деп Жүсіпбек Аймауытұлы айтқандай қай салаға болмасын адамның бір қыры, ептілігі қажет. Кез келген жұмысқа таза ниет пен ынта қажет. Ал журналистикаға ерекше дарыны бар, шығармашылыққа жақын, отжанды елгезек жандар керек. Жай ғана көгілдір экраннан шығып көрінсем болды деу өте қате ой. Себебі, экранның арғы бетіндегі журналистің де қарқыны көрерменге белгілі. Ал бар жанын салып, ынта- шынтасымен жұмыс жасайтын журналистер халық арасында белгілі. Оларға сол үшінде сұраныс жоғары. Тіпті өмірден өтсе де мәңгі халық жадында қала бермек. Қоғам үшін жасаған ерен еңбектері мен аққан терлері ғасырлар өтсе де ұрпақтан- ұрпаққа мақтанышпен жете береді. Елі мен жері үшін тынбайтын төртінші билік өкілдеріне патриоттық сезім, халқына жанашарлық, адалдық, көпшілдік, ашық мінезділік, мейірімділік,қайтпас қайсарлық қажет. Сондықтан да журналистке артылар жүк ауыр.
Нақыл сөздер: Журналистика – жол-жөнекей жазылатын әдебиет. Арнольд Мэтью
Ойыңа бірде-бір ой келмесе де, оны қағазға түсіре білгенде ғана, журналист боласың.
Тарихшы – көбіне өткенді саралушы журналист. Карл Краус
Журналист талантты болса, науқасы да қатты болады. Ауруынан жартылай айыққан журналист – сыншы. Ал егер журналист осы сырқаттың созылмалы түріне шалдықса, жазушы болғаны. В.Лебедев
Журналистика қоғаммен бірге өмір сүріп, қоғаммен бірге тыныстайды. Қоғам тірлігінің тамыры қиылса, журналистика да бітіп тынады. Н.Михалковский
Журналист – өз газетінде сараланатын жазушы. Адриан Декурсель
"Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі" деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, әлемдегі, айналадағы, оқиғаларды хабарлап отыратын, қоғам мен үкіметті байланыстыратын сала – журналистика.
Қорытынды: Журналистика – өмір айнасы. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуына көмек етеді. Осылайша журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Журналистік қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
https:///wiki/Журналистика
https://bilim-all.kz/article/10848-ZHurnalist-boluga-5-sebep
https:///layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/33352/amp/