Әр адамның жеке пікірі болғаны сияқты таңдауы да болады. Бізге жүктелген, міндеттелген дүниелерден өзге өз таңдауымызбен, қалауымызбен орындалатын іс-әрекеттер де бар. Солардың ең алғысы, меніңше- қамқорлық. Себебі, кез-келген адамның өмірінде қиын кезеңдер, өзіңнің шамаң жетпей, айналаңнан көмек қажет етіп тұратын сәттер болады. Сондай сәттерде қол ұшын созып, демеп жіберетін жанның болғанына қуанып, жаныңа жұбаныш табасың. Ал, дәл сондай кезеңдерді басқа адамдар да өткеріп жатады, сол сәтте сен қолдап, қамқорлық танытып жіберсең, ол да өзінің жалғыз еместігін, қоғамның мейірімді екендігіне көз жеткізеді. Яғни, кішкене қолғабыс ету арқылы өмірдің ауыр сынағын өткізіп жатқан жандардың көңіліне медет, өміріне қуанышты сәт сыйлай аласың, бұл- сенің таңдауың! Бірақ, сол көмекті көрсетуге тек бір мақсат болуы керек- ол қиналған жанға қолдау көрсету, қандай болмасын. Айтпағым, жақсылықты Алланың алдына базарлық болсын деп емес, періштелер жазбасындағы сауабым артсын деп емес, кекетіп, мұқа