Сенатор Дана Нұржігіт еліміздің Премьер-Министрі Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында әскери қызметшілер арасындағы суицид мәселесін көтерді, деп хабарлайды Taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«ҚР Бас әскери прокурорының ақпаратына сәйкес, соңғы үш жылда 237 әскери қызметші қайтыс болған. 2020 жылы – 77, 2021 жылы – 96, 2022 – 64 адам. Олардың 145-і – әскерге келісімшартпен келгендер, 59-ы – офицер, 31-і – солдат. Бұл азаматтардың 89-ы науқастан көз жұмған, 62-сі жол апатынан, 50-і суицидтен, ал 8 адам өзге себептерден қайтыс болған. Ең көп, яғни 89 адам ауырып көз жұмған. Бұдан көріп отырғанымыз әскерге шақырылатын жастардың денсаулығы Отан алдындағы борышын өтеуге жарамайды», – деді ол.
Толығырақ https://taulik.kz/ush-zhylda-50-eskeri-kyzmetshi-suitsid-zhasagan-senator/