Адам ағзасы секілді малдар да түрлі факторлар салдарынан уланып қалуы мүмкін. Бұл ретте, әсіресе азықтан уланудң алдын алу өте маңызды. Себебі мұның арты ауыр салдарларға алып келуі қауіп өте зор. Бүгінгі материалымызда улану тақырыбына кеңінен тоқталмақпыз, деп хабарлайды Agroqogam.kz.
Құрамында механикалық қоспалары бар, улы заттары, пестицидтер, улы саңырауқұлақтар, микроағзалар бар азық берген кезде қойларда жұқалы емес аурулар туындауы мүмкін.
Уланудың себептері әртүрлі болуы мүмкін. Оның ішінде кей жағдайларда малға беруге болатын азықтардың өзінде дұрыс сақтамау себебінен улы заттар түзіледі. Мәселен, зығыр күнжарасы, ақ жүгері, судан шөбі, қара тары, көлтабан шөбі, сиыржоңышқа мен жоңышқа құрамында (жабайы) цианогенді гликозид бар. Олар суда көп тұрған кезді бығып, синильді қышқылмен бірге гидролизденеді. Еркін синиль қышқылы бұл өсімдіктердің қурау, суда тұру, бығу кезінде түзіледі. Сол себепті кейде зығыр күнжарасын жылу сумен берген кезде ұсақ мал уланып қалуы әбден мүмкін.